АСАНӘЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ
16.09.2016
1131
0

20160909133725Жуырда Алматыдағы  MEGA Park сауда үйі аумағында орналасқан Жұлдыздар Аллеясында танымал қазақ актері, театр және кино режиссері, сценарист, педагог Асанәлі Әшімовтің құрметіне орнатылған жұлдыздың ашылуы болды.

Салтанатты жиынға  «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Бақыт Қайырбеков, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық  драма театрының директоры Ерлан Біләл, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев қатысты.

Қазақ кино өнерінің майталманы өз сөзінде: «Мұндай жұлдызды ашу – мен үшін сәл ыңғайсыз жағдай, әйтсе де Голливуд үлгісі бойынша бұл тамаша бастама. Қазақстанда ұлы адамдар көп, олардың біразы өмірден өтіп кетті. Көзі тірілердің арасынан Олжас Сүлейменов­ті бөле-жара айтқым келеді. Халықтың даңқты ұлының жұлдызы да осы аллеяда жануы тиіс деп ойлаймын. Қадыр Мырза-Әлі айтқандай, адамға өмірден өткен соң емес, көзі тірі кезінде құрмет көрсетілуі тиіс. Осы шараны ұйымдас­тырушылардың барлығына ерекше алғыс айтамын», – деді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір