100 ДОМБЫРАШЫ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙІН ОРЫНДАДЫ
Қызылжардағы «Абылайханның ордасы» музей кешені алдындағы алаңда ҚР Конституция күніне алғаш рет «Домбыра-fest» фестивалі өтті. Солтүстік Қазақстан облысының әр өңірінен келген 100-ге тарта домбырашылардың басын қосқан, халық шығармашылығын насихаттауға арналған шараны белгілі домбырашы Серікбай Құсайынов ашты.
Фестивальда кәсіби музыканттармен қатар, жас таланттар да өз өнерлерін паш етті. Петропавл қаласы өнер колледжінің оқушысы Дарина Нұралина домбырада ойнаумен алты жасынан бастап айналысып келеді. Ол отбасындағы осы музыкалық аспапты игерген жалғыз өнерпаз көрінеді.
«Осында өзімнің өнерімді көрсетейін, домбыра құлағында ойнайтын шеберлерден тәжірибе алайын деп келдім», – деді Дарина Нұралина.
«Домбыра-fest» музыкалық фестивалі Құрманғазының «Балбырауын» күйімен аяқталды.