ҚАЛЖЫҢҚАЛТА
26.08.2016
1468
0

акеЖақсылық КЕНЖАЛИЕВ

 

ЕНДІ  ҚАЙТТІ?

Лаулап жанып, күшейіп  бара  жатқан бойы:

– Енді  қайттік?! – депті  От  өзіменен-өзі  Суды көріп.

 

КӨЛІКТЕРІ  ӘР ТҮРЛІ

 – Саған  кім  көрінген   таласар  ғой…  Мені  айтсайшы, – деген  Велосипедтің  сөзіне:

– Уақыт  көрсетеді  ғой, – деген  шетелдік  Автокөліктің  сөзі  көпке  бармапты.  Көлемдісіне  қазақстандық,  жеңіліне  нидерландық  шенеунік  ие  болыпты.

 

ИІСТЕР   БӘСЕКЕСІ

Жаңбырдан  кейінгі  иісті  сезген  Гүл:

– Тұшымды  иіс  тек,  бізде  екен  ғой  десем… – деп  Азон  газіне  таң  қалыпты.

 

…ДЕПТІ  БАЛА

Ұшып  келе  жатқан  Көбелекті  көріп:

– Гүл  де  ұшады  екен-ау!.. – депті  Бала.

 

КҮЗДЕ

  – Күзгі  Суық  жалаңаштамаса… Жүре  алмайды  екен… – депті  түсіп  жатқан  ағаш  Жапырақтарына  қарап  тұрып,  екі  Қарағай  бір-біріне.

 

ЕРІНДЕРДІҢ   ЕРЛІГІ

– Аузыңда  бір  тіс  жоқ.  Болса  да  еріндерің  «азамат»  екен.  Біздің  «қал­жыңымызға»  қарамастан,  көрмеймісің,  мына  кездемені  ортасынан  қақ  бөлді, – деп  Бас  бармақ  пен  Саусақ  Қайшының  кеуілін  біраз көтеріп  тастапты.

 

ГҮЛДЕР  мен  КӘРІҚЫЗ

– Жауқазын,  Роза,  Раушан,  келіңдер  тез! Тағы  кім  бар? – деген  Қызғалдаққа  сон-а-у-у түкпірден:

– Бастары  қосылып мыналардың?.. – депті  ұнатыңқырамай  бір  қарлығыңқы  дауыс.

Гүлдердің  барлығы  дауыс  шыққан  жаққа  назар  салса, Кәріқыз  тұр  дейді шоғайнасын  тікірейтіп.

 

ЕСЕПШОТТЫҢ МҰҢЫ

Бала  бастауыш  сыныпқа  келгенде  Санақ  Таяқшаларын  алып,  есеп шығаруды  үйренді. Сыныбы  өсе келе  Калькуляторды  меңгере  бас­тады.

– О,  міне,  осылай!.. – деп білмеген  есебін,  білгеніне  мәз.  Осыны  көріп:

– Кезінде  біз  оқушы  тұрмақ,  колхоз  басқармасына  да  қадірсіз  емес  едік. Уақыт  өзі қалай  болып  барады… – деп Есепшот  кімге  шағынарын  білмей  дал  болыпты.

 

ТІЛЕКТЕСТЕР

 – Жолың  болсын,  көктей  түс! – деген  Қияққа  Бозжусан:

– Текті  жерден  шыққан  сен де  ешкімнен  кем  емессің, – деп  Нарқа­мыс­ты  тұспалдапты  дейді…

 

КӨЗ

– Не  болды  ашсайшы  көзіңді! – депті, Соқырға  Сау  Көз.

 

ЖАТАҚХАНА

Қораны  көріп:

– Біздің  жатақхана  ғой, – депті  Саулық  Ешкіге,  қиы  алынбай  тоң  болып  жатқанына  налып.

 

ЕЛТІРІ

«Менің  Елтірі – Папахам  (бас  киім)  мында  түсіп  қалыпты  ғой»  деп Қасқыр  Қошақанға  тесіле  қарапты.

 

ЕРКЕК ШӨПТІҢ ӘЙЕЛІ

Еркек  шөбін  көріп  Есек-Мия:  «…Е,  бұлардың  әйелдері  қандай  болып  келеді  екен?»  – деп  таң  қалыпты.

 

ТЫҒЫЛУ

Жезқазған-Бейнеу  темір  жолының  салынып  жатқанын  көріп  Қиыршақ  тас  Шалқардың  тұсында:

– Сусыма  құмның  сусылынан  сақтасын!.. – деп  Реліс  астына  бауырларыменен  бірге  тығыла  түскен  көрінеді.

 

АСТАМСЫҒАНДАР

 – Бұрын  асық  дегендерді  біз  елемейтінбіз-ді деген  Бақалшаққа:

– Асық  деген  не  нәрсе?  Сендерге  ағайын  болып  келеді-ау   деймін,  шамасы, – депті Самокат, баланың ендігі  жерде  сабаққа  ден  қоятынын  білмей  жатып.

 

ТҮСІНБЕУ

 – Иә  Айран емес,  иә  Шұбат  емес  мен мынаған  түсінбедім? – деген  Қымызға  Сүт:

– Ол  Шалап  қой, – депті.

 

ТАУ  мен ШОҚАЛАҚ

Қазыналы  Қаратауға:

– Қорықпа  қасыңдамын… – депті  Шоқалақ.

 

ОРНЫН  ТАПҚАН  СУ

Сылдырап  ағып  келе  жатқан Суды  Бағбан  арық  бойында  тоқтатып,  өсіп  тұрған  бір  Алма  ағашының  ұясына  қарай  бұрыпты.

Су-бойжеткен  бір  бұлқыныпты: «өмірімнің  қалғаны  әрі  қарай  ағаш  тамырымен  қосақталатын  болғаны-ау…».  Сөйтіп  орнын  тауыпты.

 

ҚОБЫЗДЫҢ  ТОҚТАТУЫ

Әрқайсысы дыбыс ырғақтарын айтып  шуласып  жатқанда  құлақтарына  күңіренген  бір  әуен  жетіпті.  Аспаптардың  барлығы  тоқтай  қалыпты.

– Мына  әуеннің  қасында  біздікі  не, – деген  екен  сонда  Сырнай  Қобызды  тыңдап.

 

ША Қ Ы Р У

  – Әй,  бауырым,  қайда  барасың?  Бері  кел… – деп  Етіктің  Қонышы  Қамшы  досын  жанына  шақырыпты.

 

С А Л Ы С Т Ы Р У

Ұзақ  Қарғаға  жақындап  келіп:

– Ойға  батып  кетіпсің  ғой,  дос-ау!.. – деген Тиінге:

– Ойға  батпай  қайтейін,  мынадай  аптапта,  мында,  су  мол  құйылыпты. Жай­қа­лып  тұр.  Ал  мына  байғұс,  мүлдем,  суарыл­ма­ғанға  ұқсайды.  Қарашы,  жапырақ­тары  суалғаннан  көрінбей,  жаппай,  тікенек  болып  кеткен, – деп  Емен  мен  Шырша  ағашын  салыстыра  көрсетіпті.

 

СЫР   САҚТАЙ   АЛМАУ

      – Ішіңдегі  сырды  жұртқа  жария  қылмасаң  отыра  алмайсың-ау, – деймін   сірә, – депті  Кесе Стақанға.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір