БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
12.08.2016
1200
0

Дағдарыс«ROND&A» баспасынан Академия президенті, танымал ғалым А.Құсайын­овтың «Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары» атты кітабы жарық көрді.

Кітапта еліміздің орта білім беру сапасының Халықаралық зерттеулер негізінде әр жылдарда алған орындарына баға берілген. Әлемнің озық елдерінің іс-тәжірибелері зерттеле отырып, білім беру сапасын көтерудің алғышарттары мен негізгі ұстанымдары анықталған. Елімізде білім сапасын көтеру мақсатында атқарылған жұмыстар мен білім сапасы озық елдерде атқарылған істер салыс­тырмалы түрде талданған.

Еліміздің орта білім беру жүйесі дағдарысқа түскені ашық айтылған. Әлемдік тәжірибе негізінде оны дағдарыстан шығарып, сапасын көтеру үшін атқарылуы қажетті іс-шаралар көрсетілген.

Дамыған елдерде шет тілдерін оқыту жолдары, елімізде мектеп мұғалімдерінің сабақтан тыс уақытта атқаруы міндетті көптеген жұмыстары, ҰБТ мәселесі, бейнезорлықтың балаларға әсері, олардың Интернетке тәуелділігі және басқа да мәселелер жазылған.

Кітап ата-аналарға, ұстаздар мен профессор-оқытушыларға, студенттер мен магистранттарға, білім беру саласы қызметкерлері мен жалпы оқырмандарға арналған. Қарапайым әрі түсінікті баяндалған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір