ӨТПЕЛІ ҚОҒАМНЫҢ СИПАТЫ
12.08.2016
1979
0

Біздің өмірімізді өткен ғасырларда, математика тілімен айтсақ, екі өлшеммен бағалауға болатын, яғни «ұзындық пен ені» сызылған өмір бірқалыпты квадрат тәрізді болды. ХХІ ғасырда үшінші өлшем пайда болды, ол – «биіктік». Заттар кеңістікте қарастырылатын болды, өміріміз де «3D» форматқа көшті. Өмір бірқалыпты емес, құбылыс, оқиға негізгі ұғымға айналды. Енді бұл форматқа үшінші өлшем уақыт, жылдамдық деген ұғымдар қосылып, заттар, яғни өмір қозғалыста суреттелетін болды.


12713912_10208808610117873_1401302437_nАйсұлу МОЛДАБЕКОВА,
әлеуметтанушы

 

Қазір, шапшаңдық, мобильділік маңыз­ды. Бұл, бір жағы – өркениеттің жетістігі. Ақпараттар тасқыны заманында Сіз айтқандай, қарапайым адамдар түрлі хабарлардың байыбына да жетіп үлгере алмайды. Сондықтан қазір сараптамалық-талдау салаларында «ау­қым­ды мәліметтермен» («Big Data» — ағылшыншадан аударғанда «үлкен мәліметтер базасы») жұмыс істеу саласы да­мып келеді. Бұл саладағы бағдарла­малар жүйесі де қанат жайып, сарапшылар арасында таралуда. Осылайша, бү­гін­гі өміріміздің белгілі бір «мәніне» ғы­лыми-сараптамалық тұрғыда үңілуге, қорытындылар жасауға болады. Жеке субъекті тұрғысынан қарайтын болсақ, әрбір индивид ақпаратты қабылдау, қорытуда өзіндік «бағдарламасы» болуы тиіс. Ондай индивидтер қазір көп, мысалы, жаңалық қарамайды, нені болса, соны интернеттен оқи бермейді, яғни өзіне ақпараттық тұрғыда шектеу қояды, тек өзін қызықтыратын салаға, тақы­рып­қа бейімделеді. Жалпы, бұқаралық тұрғыдан қарайтын болсақ, қазір жаппай сананы басқару үдерісін бақылауда­мыз. Бірыңғай хабар біртекті адамдар типін белгілі бір ақпараттық біртекті саяси-әлеуметтік сананы өрістетуде. Ал жарнамалар трансұлттық компаниялар­дың саудасын жүргізіп, бір жағы сол құн­дылықтағы «бургер», «кока-кола» ұр­пақты қалыптастыруда. Мамандар бұл ұрпақты 90 жылдардан кейінгі «сэндвич-буын» деп те атайтындығы сон­дықтан. Олардың талғамы, құнды­лы­ғы бір… «Өмірдің мәні» деген фи­ло­софиялық категорияға келетін болсақ, бүгінгі заман ұғымында өмірдің мәні толғау, термелердегі жалпыадамзаттық құндылықтар емес, «жарқын жақта өмір сүр», «әр сәтіңнен ләззат ал» деген сияқ­ты жарнамадағы лозунгілермен дәл сипаттауға болады. Өмірдің мәнінен гөрі, қазір өмірдің сапасы маңыздырақ: адамды қандай адам екендігімен емес, қалай өмір сүретіндігімен бағалайды. «Өмір сапасы» деген ұғым әлеуметтік-тәжірибелік мәні бар термин, құндылық­қа айналып келеді. Мүмкін, бұның бәрі уа­қытша құбылыс…Бірақ дәл біздің өтпелі қоғамның сипаты осылай болып отыр.

 

ПІКІР ҚОСУ