БОЛАШАҚТЫҢ СҰЛБАСЫ
12.08.2016
1209
0

966e7006575ac6ea8e2fa906285b094f_resize_w_782_h_439Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Рустам Сардаловтың «Болашақтың сұлбалары» атты жеке көрмесі ашылды.

Грозныйда туып-өскен, қазіргі уақытта Италияда сурет өнерімен шұғылданып жүрген Рустам Сардалов – болмыс пен арман арасындағы нәзік шекараны байқап көруге тырысып, көзден таса болған образдарды іздеген сюрреалис­тер дәстүрін жалғастырушы.

Сардаловтың кейіпкер­лерінің суреттелу мәнері Френсис Беконның  кескіндемесін еске салады. Оның жұмыстарындағы арынды фантастикалық сюжеттер көрерменді иллюзияға және түйсіксіз әлемге апарып тастайтын образдарға қайтып оралуға қайта-қайта мәжбүр етеді. Автордың еркі қиял мен психологизмге академиялық кескіндеме мектебінің арсеналынан бейнелеу құралына пара-пар заманауи шындықты табудың мүмкін еместігіне жауап береді.

Р.Сардалов графикасының сюжеттері – жеке, сонымен қатар, бәріне таныс образдар, суретшінің жеке басына қатты әсер ететін әлеуметтік-тарихи контекстегі репрезентациялар.

Автор өмірді бір адамдай сүйіп, оның барлық құбылыстарына сенеді. Өмірді оның барлық үйлесімсіздігімен қоса, жанымен сезінетін суретші оны субъективтіліктен объективтілікке өткізіп, жеткізе алады.

Рустам Сардаловтың жұмысын түсіндіре отырып, оның шығармашылығы, әсіресе, бельгиялық романтизмге, соның ішінде Босхқа ұқсайтынын айта кеткен жөн: оның жұмыстары символизмге толы; мағынасын жеткізу үшін қағаз парақшаларында метафора мен абстракцияны шебер пайдаланып, қазіргі қоғам туралы роман жазып жатқандай.

Жұмыстарын Ресейден басқа Бельгия, Италия мен Францияда көрсете отырып, Рустам болашақтың нақты сұлбасы болмайтынын және оның себебінің көп екенін де дәлелдейді. Көрме екінші қыркүйекке дейін созылады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір