«ҚҰНАНБАЙ» ҚАЗАН ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ
12.08.2016
1176
0

20160810130820 - копия«Құнанбай» фильмі 5-11 қыр­күйек аралығында ХІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестиваліне қатысады. Картина режиссері – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов.

ХІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестиваліне қатысу үшін 50 елдің режис­серлері мен продюсерлерінен 700-ден астам өтініш түскен.

Олардың арасында Ресей, Иран, Қытай, Сербия, Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Бангладеш, Малайзия елдерінің картиналары  бар.

Фестиваль аясында кино қайраткерлерімен шеберлік сағаттар, фестиваль қатысушыла­ры­мен шығармашылық кездесу, кино өнерінің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциялары өтеді.

Конкурстық бағдарламада қазылық ететіндер: режиссер, сценарист, продюсер Сыддық Бармак (Ауғанстан/Франция), режиссер, кинооператор Осман Сапаров (Түркменстан), режиссер, сценарист Юсуп Разыков (Өзбекстан/Ресей) және кинооператор Валерий Севастьянов (Татарстан). ХІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестиваліндегі әділқазы алқасының төрағасы – танымал кинорежиссер, Ресей халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты Александр Прошкин.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір