Қазақ әдебиетінің даму мәселелері талқыланды
05.11.2026
51
0

Қазақстан Республикасының Вице-президенті Ерлан Қарин Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының алдағы кезеңге арналған жоба-жоспарлары, отандық әдебиеттің бүгінгі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ қазақ әдебиетін қолдау, ұлттық әдебиеттің халықаралық деңгейде насихатталуы, жас қаламгерлердің шығармашылығына қолайлы жағдай жасау және әдеби үдерісті дамыту бағытындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Кездесуде ұлттық әдебиеттің рухани-мәдени өмірдегі орны, жазушылардың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен алдағы міндеттері сөз болды.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір