ТҰТАС БІР ДӘУІР КУӘГЕРІ
«Жасым жүзге кеп едіні» Жамбыл жарықтық айтса, «қазақта жиен, бөлем көп, асықтым мұнда келем» деп жырлаған қырғыз ақыны Сүйінбай Эралиев шілденің 16 жұлдызында 95 жасқа толуға үш-ақ ай қалғанда дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабар жетті. Ғасырға таяу ғұмыр бұйырумен қатар жыр жолдарының ұзына жолының сорабына қарасақ, том-том өлең кітаптары, даңқы әлемге жайылған әлем тұлғаларының шығармаларын қырғызшаға «қотарған» еңбек иесінің қолтаңбасын таныр едіңіз. Қалижан Бекхожиннің Мариям Жагорқызы поэмасына ықыласы тегін аумаған да шығар.
Арқау өрнегі шырқау биікте көз жауын алып, құйындай ұйытқыған шымырлаған өлең құйылысы көшпенді жұрттың ой-сезім, сағынышының бұрқанысынан тұратын бауырмал жыр иесінің жүрек соғысы күні кешеге дейін іргемізден соғып тұрды. Қазақтың нарқасқаларымен дос, азамат ақын «бір ананың екі егіз ұлына ұқсап кетеміз» деуінің ұзын ырғасында етене жақындықты өзгеше сезінудің сырын аңғартады. Осындай жүрекжарды ниетті кейінгілерге аманат қып қалдырған Сүйінбай Эралиев сынды қария ақын тұтас бір дәуірдің тірі куәгері еді. Ендеше онымен қоштасу оңай емес.
«Қазақ әдебиеті» газетінің ұжымы.