Гуанчжоудағы кітап көрмесінде Қазақстанның заманауи әдебиеті таныстырылды
23.09.2026
23
0

Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан 30 Оңтүстік Қытай кітап көрмесі аясында Қазақ­станның заманауи әдебиетіне арналған арнайы сессия ұйымдастырылды. Кездесуде қазақ қаламгерлерінің шығармалары қытай оқырмандарына таныстырылып, қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен жаңа буын авторларының шығармашылығы сөз болды.
Атап айтқанда, Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романы, Айсұлу Алмасбайдың балаларға арналған «Жел тербеген әуен» кітабы, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке» детектив романы және Нұрайна Сәтпаеваның заманауи проза жанрындағы «Мұхит жарыққа ұмтылады» шығармасы таныстырылды.
Жиында кітап аудармасы, әдеби шығармаларды халықаралық деңгейде таныту және авторлық құқықты қорғау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасындағы баспа ісі мен әдеби байланыстарды одан әрі дамыту жайы қозғалды.
Айта кетейік, көрме күндері Қазақ­станның ұлттық павильонында 100-ге жуық кітап пен ұлттық мәдениетті танытатын дүниелер қойылған. Экспозицияда заманауи және балалар әдебиеті, мәдени мұра мен креативті индустрия бағыттары қамтылған.

ҚР Мәдениет және ақпарат
министрлігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір