«СӨНБЕС АЛАУ»
Болат Құрманғажыұлы Әкежанның «СӨНБЕС АЛАУ» атты роман-эссесі бізбен тамырлас, тағдырлас ұлы түркі елінің қан кешкен кешегісі мен әлемге салтанатымен шеберлікпен, тереңдікпен танылған бүгінгісін асқан суреттеген. Дүниені дүр сілкіндірген Осман империясының тасқа басылған өшпес іздерін дәп басқан. Баға жетпес жадігерлерін, алтындай жарқыраған мәдениетін көз алдыға тартқан. Ертұғырыл бастаған ұлы тұлғаларының беймәлім тұстарынан сырлар шерткен. Ғаламат сұлу географиясын, шарқ ұрған айдын-шалқар теңіздері мен әлемдік ғажап сөнбес асқақ құрылыстарын, сарқылмас салт-санасын, рухын сан қырынан дәйекті ашып, таңырқата білген.
Кітаптың берер мағұлыматы мол, тағылымы терең, тілі шұрайлы, ойлары орамды, композициясы шымыр, қаһармандары еңселі әрі табиғи, өміршеңдігі жарқын бірегей кітап. Оқырмандарын сол бір қызығы мен шыжығы қатар өрілетін сырлы әлемге бірге кыдырта жөнеледі.
«Балауса» баспаханасы, 2026