ТАҢҒЫ ТІЛЕК
08.07.2016
6422
0

1419240773_03-baiterek-tower_1600Қайырлы таң, қазақтың

Арайлаған аспаны!

Жиырма бес жыл – азат күн,

Алтын нұрын шашқалы!

 

Қайырлы таң, Көкбайрақ,

Елдігімнің тірегі!

Арманына ат байлап,

Халқым қайта түледі.

 

Қайырлы таң, Астана,

Азаттықтан жаралған!

Жауқазындай жас қала,

Айналасы көк орман!

 

Қайырлы таң, Ақорда,

Қарашығы көзімнің.

Мынау шексіз ғаламда,

Орның бөлек өзіңнің!

 

Қайырлы таң, Бәйтерек,

Бұтағына нұр тұнған!

Биіктікпен бой теңеп,

Болашаққа ұмтылған!

 

Қайырлы таң, қазағым,

Бақыт қонған басына!

Оралды тайқазаның,

Күлтегіннің тасы да!

 

Қайырлы таң, Елбасы,

Ерте тұрған ел үшін!

Жайнап бірлік ордасы,

Жарқырасын жеңісің!

 

Қайырлы таң, Қара жер,

Қайырлы таң, Көк аспан!

Елімді аман қыла көр,

Ынтымағы жарасқан!

 

Нұролла САҒАТБАЕВ.
Алматы облысы,
Іле ауданы,
Боралдай ауылы.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір