2016 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
08.07.2016
1521
0

2016 жылғы Қазақстан Республикасының Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия аталған сыйлықты алу үшін алдын-ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалардың тізімін ұсынады:

Әдебиет секциясы бойынша

Авторлар ұжымы: Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы, Әзібаева Бақытжан Уәлиқызы, Әлібеков Тоқтар Кесімұлы, Қосанов Серікбай Қылышбайұлы – «Бабалар сөзі» 100 томдық сериясы.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған.

Нұржекеев Бексұлтан – «Ай, дүние-ай!» романы.

«Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі  ұсынған.

Отарбаев Рахымжан Қасымғалиұлы – «Шыңғыс ханның көз жасы» хикаят және әңгімелер жинағы.

Атырау облысының әкімдігі ұсынған.

Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы – «Поэзия падишасы – лирика» жыр жинағы.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұсынған.

Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы – «Қаратау ғазалдары» жыр жинағы.

«Жамбыл» әдеби-көпшілік, танымдық журналы ұсынған.

Музыка, театр және кино секциясы бойынша

Авторлар ұжымы: Жолжақсынов Досхан Қалиұлы, Одинаев Рустем Давлиятович, Ибрагимов Рифкат Иманкаримович, Бектеміров Айдос Жұмаділдәұлы, Салыкова Нурсифат Рахимбаевна – «Құнан­бай» толықметражды көркем фильмі.

Қазақстан кинематографистер одағы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған.

Авторлар ұжымы: Аширов Ахмет Аксупиевич, Шамиев Ялкуньжан, Именов Қахарман Ильжанович, Дараев Махмут Марипович, Давутов Фархаджан Хамитович – А.Ашировтың «Жалғыз жалбыз» драмасы.

Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры ұсынған.

Урманчеев Тимур Акрямович – «Времен связующая нить» қайырымдылық жобасы.

Алматы қаласының әкімдігі және «Дегдар» Гуманитарлық қоры» корпорациялық қоры ұсынған.

Бейнелеу өнері және сәулет секциясы бойынша

Бинашев Тілеуберді Мелдешұлы – «Ұлы Даланың мәңгілік мүсіндері» топтамасынан алынған «Отан – отбасынан басталады» композициялық мүсіндер;

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған.

Муллашев Камиль Валиахмедович – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» шығармалар циклі.

Астана қаласы Суретшілер одағы ұсынған.

Комиссия бұл шығармаларды ашық талқылауға шығармашылық және қоғамдық ұйымдарды, мәдениет ұжымдарын, осы саланың мамандарын шақырады.

Пікірлеріңізді осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз:
010000, Астана қаласы,  «Министрліктер үйі», 15-кіре­бе­ріс, Қазақстан Республикасы Мәде­ниет және спорт министрлігі.
Тел.: 8 (7172) 740475.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір