Мұхтар МАҒАУИН. ӘКІМ ТАРАЗИ ӘДЕБИЕТКЕ ЖАҢАЛЫҚ БОЛЫП КЕЛДІ
13.04.2026
105
1

Біраз жыл бұрын Әкім ағаң отыз бес жасқа келді. Отыз бес жасқа! Содан тойға жиналдық. Үйіне. Әбіш, Сайын, Асқар бар, киностудиядан тағы екі-үш жігіт қосылды. Ол кезде Әкім аға – киностудияда бас редактор.

Ал енді осы жерде «аға» деген сөзімнің мәнісін айта кетейін. Бізден жасы үлкен, қатарлас, ілгерінді-кейін жігіттер болды. Қалихан, Қабдештерді – Қалекең және Қабдеш деп атадық. Ал аға болған – осы Әкім. Содан соң Сайын болды. Екеуі ғана. Бұл сөздің мағынасы жасы үлкендікті ғана білдірмесе керек. Атақ, мәртебе, жандарал деген сияқты мәнде ғой. Әкім аға, Сайын аға дейміз. Содан Әкім ағамның үйіне жиналдық. Әкім ағам кішкене жүзі тұнжыраңқырап отыр, «Мінекей, отыз бес жасқа келіп қалдым», – дейді. Маған өте көп боп көрінді, үлкен боп көрінді. Өзім жиырманың ортасынан асқам. Бір алыстағы заман сияқты көрінді. Содан отыз бесін тойладық. Одан бұл жасқа әлі бірталай заманнан кейін біз де келетін шығармыз деп ойладық. Ал енді Әкім бүгін тоқсанға толып отыр. Қазір, керісінше, онша үлкен боп, онша көп боп көрінбейді. Уақыт өтіп, жас ұлғайған сайын жастардың арасы жақындай береді. Одан ғана емес, Әкім ағам әлі сол отыз бестегі қайратты, жас қалпында, өңіне аз-маз көлеңке кірген болуы мүмкін. Басқасы, ақыл-ойы, парасаты, мінезі – бәрі бұрынғы қалпында. Ең бастысы, Әкімнің тоқсанға келуінің негізгі екі себебі бар. Біріншісі – өзінің тұрақты, қалыпты, салмақты мінезі, дүниеге кеңінен қарайтыны. Екінші, менің Роза қарындасымның айрықша күтімінің арқасында.
Біздің жазушылар қауымы қатар жүргенде, бір қаланың ішінде жүргенде кейде түсінісе алмай, сыйыса алмай жатады. Мен қазірше жердің түбінде, Америкада жатырмын. Соның өзінде кейде кейбір әріптестердің алай-бұлай деген сәлемі, жаңғырығы жетіп жатады. Ал бір үйде екі жазушының тұруы деген, ол – өте қиын нәрсе. Мүмкін емеске жақын жағдай. Екеуі, мінекей, отыз жылдан асты, жарасты ғұмыр кешіп келе жатыр. Бұл Әкімнің өзгеше махаббатының, Роза қарындасымның өзгеше махаббатының көрінісі ғана емес, рухани жақындықтың, өзара түсіністіктің жарқын үлгісі.


Тоқсан деген жердің шегі емес, әлі алда қаншама заман бар. Ал бұдан бұрын Әкім ағамның жетпіс жылдық тойын өткіздік. Жаңағы отыз бестен кейінгі екі аралықта. Сол той қазақ зиялылары түгел жиналған мереке болды. Әдебиет­тің ғана емес, ұлттың мерекесі сияқты өтті. Сонда: «Бұл Әкімді мен баяғыдан бері аға деп келе жатырмын. Әкім менің ағам. Сонда Роза кім болады? Роза маған жеңге болып шығады екен. Ал енді Роза өз алдына менің қарындасым. Сонда Әкім кім болады? Әкім маған күйеубала болып шығады екен. Сосын ойлап таптым. Бұл аға болар, жеңге болар, қарындас болар, күйеубала болар, Алпамыс бар ғой. Менің ең жақын туысқаным Алпамыс болады екен. Алпамыс арқылы осы екеуіне де туысады екем», – деп қалжыңдағаным бар. Алпамыс атасына, тегіне тартып үлкен жігіт болды деп естідім. Осы Алпамысқа байланысты бір оқиға болды. Осыдан жиырма бірдеңе жыл бұрын (о кезде Алпамыс екі жаста ма, үш жаста ма…) Екі жаста болуы керек. Бір күні таңертең Жазушылар одағына жұмысқа келсем («Жұлдызда» қызмет атқарам о кезде), Әкім ағам есіктің алдында тұр екен. Өңі кетіп қалған, жағы суалған, көзі аларып кеткен, біртүрлі сондай берекесіз жағдайда тұр. «Әкім аға, ауырып қалдыңыз ба?» – деп сұрадым. Ондайды көрмегем. Әкім тау қозғалса, қозғалмайтын адам ғой. «Алпамыс ауырып қалды. Түнде температурасы қырық бірге жетіп барып қайтты», – деді. «Ой, Әкім аға, біздің балалар талай сондай температура берді, ештеңе етпейді. Оңалып кетеді ертең-ақ», – дедім. Сондай сәтте әр айтылған сөз көңілге медеу ғой, Әкім ағам әжептеуір көтеріліп қалды. Неге тұр десем, дәрігерді ме, емшіні ме, біреуді күтіп тұр екен, сол кісі келді де, содан ары қарай кетті. Енді артынан телефондап сұрамадым, өйткені біліп тұрмын жақсы жағдай болатынын.


Әкім ағам – қырық жыл, тіпті елу жыл бастық болған адам. Салмақты, кісілікті қалпынан айныған емес. Әкім аға бастық болып жүрген шақтардан екі оқиға есімде қалыпты. Екі кездесу, екі үлкен кеш… Желтоқсан оқиғасынан кейін Жазушылар одағына Колбин келді. Бұл жазушылардың Колбинмен кездесуі емес, Колбиннің жазушылармен кездесуі болатын. Именшектеп келді. Жаңағы қырғыннан кейін арада бір ай өтті ме, өтпеді ме… Жазушылар түгел келді. Жиналысты Олжас бастап ашып, ары қарай тізгінді Әкім ағама берді. Қалай дегенмен, партия заманы және Колбин өзі жендет болып келген адам. Әкімнің қалай басқарғанына мен сүйсініп, риза болып отырдым. Жұрттың бәрі риза болды. Қазақтың өр кеудесін көрсетіп, біздің жазушылардың кісілігін, адамдығын көрсетіп жиналысты басқарды. Тарихтан өшпейтін сол жиында Жұбағаң (Жұбан Молдағалиев) сөйледі.
Сафуан Шаймерденов сөйледі. Өте үлкен сөздер айтты. Қазақтың ұлттық намысын жоқтаған, жүз жылдан кейін де айтылатын сөздер айтылды. Сонда сол жиынның жоғары дәрежеде өтуінің, қазақ еңсесінің жоғары болуының бір көрінісі Әкімнің жиналыс басқаруынан көрінді.
Ал екінші жолы Әкім ағам менің бір жиынымды атқарды. «Жұлдыз» журналының бас редакторлығына бәйге жарияланды. Алғаш рет өтіп тұрған конкурс. Соған түстім. «Жұлдызға» редактор болғым келді. Менің ұғымымда журнал редакторы болу деген – ең үлкен қызмет. Әдебиетке бағдар бересің. Түгелдей кейінгі жастарға шарапатың тиіп отырады. Редактор болғым келді. Сонда осы жиынды Әкім ағам басқарды. Әкім ағам басқарып, аяғында Олжас (Сүлейменов) қорытындылады. Ақыры талас-тайталас… Менен басқа да үш адам түскен. Бәрі де – мықты. Мен Әкімнің басқаруының арқасында, бір жағынан, жеңіп шығып «Жұлдызға» редактор болдым. Он сегіз жарым жыл отырдым.
Әкім аға басшылық қызметте отырғанда көптеген игі істерді жүзеге асырды, Жазушылар одағындағы, киностудиядағы үлкен оқиғалардың басшысы болды. Жақсы кинолар түсірді. «Қараш-Қараш оқиғасында» Мұхтар Әуезовтің ашып айта алмаған дүниелерінің бәрі жарыққа шықты.
Әдебиеттегі жаңа әрі ауқымды серпіннің алғашқы легінде Әкім болды. Сайын екеуі қатар бастады. Бірақ Сайын – дәстүрлі жазушы. Әкімнің жазуы мүлде басқа. Алғашқы «Құйрықты жұлдыз» деген повесі, содан кейін барып «Асу-асу», «Үлкен ауыл» деген алғашқы шығармалары сол алпысыншы, жетпісінші жылдардың тоғысында жазылған. Бұлар әдебиетке үлкен жаңалық алып келді. Жаңалық тақырыпта ғана емес, көркемдеу жүйесінде болатын. Тырнақалды туындыларымен-ақ әдебиетке жаңа тыныс берді. М.Әуезов бір топ ақынмен кездескенде: «Жыл құсы келгендей жаңалық сезінеміз», – деді ғой, ал шын жаңалық осы алпысыншы жылдардың соңы, жетпісінші жылдардың басында басталды. Оның алғашқы өкілдерінің бірі де осы Әкім ағам болды.
Біздің әдеби сын, кем дегенде, елу жыл кейінге қалып келе жатыр. Әкім шығармалары да толық талдауын, өзінің бағасын әлі алған жоқ. Бірақ халық кереметтей қабылдады. Қазақ әдебиеті жаңа рухани биікке жетті десек, бүкіл әлемдік деңгейге жетті десек, ол белес те Әкімнің атымен байланысты. Мұны айту керек. Ең бастысы, Әкім ағамыз өзінің шығармаларын жинақтап, түгелдей бастырып шығарыпты. Менің естуімше, он үш том болып басылыпты. Он үш томның сегіз томы, әлде тоғыз томы таза проза болуы керек. Бұл – аз емес, өте көп. Мысалы, Толстойдың өзінің барлық прозасы он томның маңайында. Тургеневтікі – жеті том, ұлы
Әуезовтің прозасы – алты том ғана. Мәселе аз-көпте емес. Дегенмен де тұтас шығарманың мықты әрі көп болғаны тіпті жақсы ғой.
Алдағы уақытта, тоқсаннан кейін де ағам жазады деп ойлаймын. Менің айтатын аз ғана тілегім, ұсынысым, Әкім аға енді естеліктер кітабын жазса. Өйткені осы тоқсан жылдың ішінде көргені қанашама ағамыздың. Әдебиет төңірегінде, қоғамдық өмірде, қазақ халқының өмірінде Әкімнің түйгені өте көп. Оның үстіне, ылғи бастық болғаннан кейін бастықтармен көп араласты. Ол жағын жақсы біледі. Басты тілегім, Әкім ағам Роза екеуі жасай берсін. Әкім ағам енді отыз жыл жасасын. Жүз жиырма деген жас тілеймін. Ал Роза қарындасым да Әкім ағамның жасына келсін. Той тойға ұласа берсін. Әкім мен Роза екеуі бала-шағасының қызығын көрсін. Елінің құрметіне бөлене берсін. Төңіректері түгел болсын. Қазақ әдебиетінің одан әрі қарай өркендегенін, өскенін кейінгі жас буындар арқылы көріп, тани берсін, бар мұраттары орындалсын.

2 қазан, 2023 ж. Вашингтон 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 18.04.2026 | 14:09

Жігітіммен өте ауыр айырылысуды бастан кешірдім. Біз сөйлесуді тоқтаттық, тіпті ол мені барлық әлеуметтік желілерде блоктады. Жүрегім ауырып, не істерімді білмедім, сондықтан интернеттен көмек іздей бастадым. Сол кезде доктор Доун туралы және оның адамдарға бұзылған қарым-қатынастар мен некелерді қайта біріктіруге қалай көмектескені, сондай-ақ әйелдерге оның басшылығымен жүкті болуға көмектескені туралы бірнеше куәліктерді кездестірдім.
Басында мен сенімді болмадым, бірақ оған хабарласуды шештім. Біз сөйлескен кезде ол маған өзім және қарым-қатынасым туралы таңқаларлықтай дәл нәрселер айтты. Содан кейін ол маған не істеуім керектігі туралы нұсқау берді.
Таңқаларлығы, 48 сағат ішінде менің байланысымды үзген жігітім маған қоңырау шалып, көптеген хабарламалар жібере бастады, кешірім сұрап, кешірім сұрады. Мен оны кешірдім, сосын біз қайтадан бірге болдық.
Тек осы ғана емес, оның қолдауы мен басшылығының арқасында біз қазір екі әдемі баламызбен бақыттымыз.
Мен бәріне шынымен ризамын және қарым-қатынас, неке немесе бедеулік қиындықтарынан өтіп жатқан кез келген адамға доктор Доунды қатты ұсынамын.

Оның WhatsApp нөмірі: +2347041196471

dawnacuna314@gmail.com

🤗

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір