«АНАҒА АПАРАР ЖОЛ»
Таяуда Халықаралық Мәскеу кинофестивалі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті.
Фильм сюжетінің желісіне ұлының басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған. Фильм 1930 жылдан бастап қазірге дейінгі аралықты қамтиды. Мұнда халықтың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер (ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары) басты кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігі арқылы беріліп отырады. Картинаға жалпы саны
2 мыңнан астам адам қатысқан. Негізгі рөлдерді Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, Болат Әбділманов, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асылбек Боранбай сомдайды.
Картинаның бас продюсері – Әлия Назарбаева, режиссері – танымал қазақстандық кинематограф Ақан Сатаев.
Тарихи драманың түсірілім жұмыстары Қазақстанда, Беларусьте және Әзірбайжанда жүргізілді.