Еңбек және жұмыспен қамту: Жаңа мүмкіндіктер
13.03.2026
293
4

Жуырда Астана қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Қатысушылар 2025 жылғы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындыларын шығарып, әлеуметтік саланы дамытудың 2026 жылға арналған негізгі бағыттарын айқындады. Сапалы жұмыс орындарын құру, адами капиталды дамыту және мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін орындау басты назарда болған жиын Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті.

Басқосуға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер қатысты.

Отырысты ашқан ведомство басшысы Асқарбек Ертаев: «Біз күш-жігерімізді нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, тұрақты жұмыс орындарын құру және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру бағытына жұмсауымыз қажет. Өткен жылдан бастап жұмысқа орналасу мониторингі тек міндетті зейнетақы жарналары туралы деректер негізінде жүзеге асырылуда. Бұл бізге формалды есепке алуды толығымен жоя отырып, нақты жұмыспен қамтылуды объективті бағалауға көшуге мүмкіндік берді», – деп негізгі мақсатты жеткізді.

Бұл бағыттағы жұмыс еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Құжаттың негізгі макроиндикаторы – 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 миллионға жеткізу. 2026 жылы өңірлік карталар шеңберінде 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Жұмыспен қамту мәселелерімен қатар, мемлекет азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды.
«2025 жылы әлеуметтік төлемдерге 5,9 трлн теңге бағытталды, бұл республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 23%-ын құрайды. Жыл сайынғы индекстеу аясында біздің 4,6 млн азаматымыз үшін зейнет­ақылар мен жәрдемақыларды арттыру қамтамасыз етілді, бұл олардың сатып алу қабілетін сенімді қорғауға мүмкіндік берді», – деп сөзін жалғастырды
министр Асқарбек Ертаев.
Отырыс барысында ведомство жұмысының басқа да негізгі бағыттары бойынша жаңа тәсілдер белгіленді. Көші-қон саясаты саласында жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға басымдық бере отырып, цифрлық скоринг жүйесі енгізілуде. Инклюзия саласында сырттай мүгедектікті белгілеу процестерін толық цифрландыра отырып, әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Ерасыл Жұманбаев, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов және «МӘСҚ» АҚ президенті Алмас Құрманов сөз сөйлеп, осы саладағы бетбұрыстарға кеңінен тоқталды.

ПІКІРЛЕР4
Аноним 14.03.2026 | 08:15

Мәдениет және ақпарат министрлігі жұмысы неге көрінбейді ? Биыл 2026 жылы кітап қабылдау, шығару ісі қалай жұреді, ереже тағы өзгерді ме? Кітап палатасы жұмысы неге ашық емес. Тағы сондайлар. Жазушылар үшін сұрақ көп. Бұл газеет Жазушылар одағы органы болғандықтан тек жазушыларға қатысты нәрсені жазуын сұраймыз.

Аноним 14.03.2026 | 10:30

Осылар әдебиеттің не екенін біле ме деп кейде таңғаламын. Бір мықтының демеуімен бас жүлде алған жазушысмақ кітабын нон-фикшн атапты. Нон-фикшн деген сөз ағылшыншадан аударғанда көркем әдебиет емес деген сөз ғой. Бұл жанрдың әдеби байқауға қатысатындай негізі жоқ

Аноним 14.03.2026 | 11:09

Нон фикшн роман жазды дегенде көзіміз шарадай болғаны рас. Журналисттік зерттеу десе тақиясына тар келмес еді. Ағылшыншадан аударғанда мағынасы солай екені рас. Нон фикшн роман жазған әлгі мықты не жазушы, не журналист емес, айды аспанға шығарғандай болып тұр.

Аноним 14.03.2026 | 18:46

Нон фикшн роман дегенді кім шығарған. естісек керең болайық. Оған научно популярная бизнес тарих және биография журналисткое расследовение дегендер кірмей ме?!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір