ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ
03.06.2016
1499
0

муфти маямеровЕржан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан Мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Та­ғалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, бе­рекелі де кешірімі мол ай. Күн­де­лікті тіршілік қамымен жүретін пен­денің жүрегіне бұл айда иман нұ­ры құйылады. Өйткені, ораза адам­ды тақуалыққа тәрбиелейді. Са­бырлық, қайырымдылық, мейі­рім­ділік, бауырмалдық секілді адам­дық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі ай­қара ашылатын, иманды күшей­ту­ге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.

Сауаптар еселеніп жазылатын ай­да жасалған қайырлы істің қай­та­рымы адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті, ауыз бекітушіге берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де белгісіз.

Құдси хадисте Алла Тағала: «Ора­за – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін…», – деп ора­заның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.

Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді та­зар­туға,  Жаратушының  разылы­ғына бө­ленуге асығайық!

Рамазанның қадірін жақсы тү­сін­ген сахабалар оразаға алты ай қал­ған сәттен бастап: «Раббымыз, біз­ді Рамазан айына аман-есен жет­кіз­е гөр!», – деп дұға еткен. Пенденің осы айда ұстаған оразасы, қосымша құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, барлық сауапты амалдары еселеніп жазылады.

Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза – рух­тың азығы, тәннің шипасы. Ра­мазан жан мен тәнді рухани та­зар­татын, мұсылман үшін үлкен са­быр мектебі. Аузы берік жандар әдеп білмес пенделердің өзіне жа­саған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де: «Мен оразамын», – деген бір ауыз сөз­бен нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне бе­рілетін сый – жәннат.

Денсаулығына байланысты немесе кәрілік жетіп, ораза ұстауға ша­масы жетпеген адамдар ауыз бе­кіт­кен кісілерге ауызашар берсе, ол да – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұ­хаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрт­там сумен болса да қамқорлық жа­сағанға сауап жазады…», – деген.

Биыл маусым-шілде айларына тұспа-тұс келген Рамазанда ауыз бе­кітуге күннің ыстығы кедергі кел­тірмейді деп сенеміз. Себебі, оразаны рухани тұрғыдан сезінген жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ.

Рақым айы – Рамазан құтты бол­сын! Қасиетті айда ұстаған ора­за­мыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құл­шы­лық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл бол­ғай! Алла Тағала отбасымызға аман­дық, жұмы­сымызға береке-бірлік нәсіп еткей!

Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әумин!


Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫНЫҢ
қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа
ҮНДЕУІ

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті отандастар, бауырлар! Баршаңызды күллі мұсылман баласы сағына күткен, берекелі, қасиетті Ра­мазан айының келуімен шын жү­рек­­тен құттықтаймын. Рамазан мү­­­бәрәк болғай!

Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амал­дар маусымы. Ораза – тәрбие, са­быр, қайырымдылық, ізгілік мек­тебі.

Рамазан – қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жа­сал­ған Жаратушы Иемізге ұнамды әр­­бір қайырлы іс – үлкен сауап. Пай­­ғамбарымыз Мұхаммед (Алла­ның оған салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Адамдардың жақ­­сысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақ­­сатына жетеді.

Әр пенде сауапты амалымен, та­қуа­лығымен Алланың алдында дә­режесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқ­таж адамдарға қамқорлық көр­се­туге, мәселен, су тасқынынан үй­сіз, шарасыз қалған отандастары­мыз­ға қайырымдылық жасауға, та­­биғи апат салдарынан бұзылған үй­лерді жөндеуге қолұшын беруге, же­тім мен жесірге мейірімділік та­ны­тып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын.

Зекет беру – жағдайы келген (ша­­­риғат бойынша  нисап  мөлшері­не жет­кен) мұсылманға парыз. Ал зекет берекелі Рамазан айында беріл­се, оның да сауабы еселеніп жазыла­ды.

Қасиетті айдың құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға  жеңілдік  жасалып, Құдайы ас­тар мен садақалар ауызашар уа­қы­тында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз  өткізілсе, жамандықтың бас­тауы болған арақ-шараптың са­тылуы­на барынша жол берілмесе де­ген тілегімді білдіремін.

Сонымен қатар, көпшілік жұрт­қа оразаның әр күнінде бір жақ­сы­лық жасауды жоспарлап, осынау сауап­ты амалдарды ықыласпен орын­дауға, Алланың  әрдайым  бізге үздік­сіз нәсіп ететін нығметтерінен са­дақа беруге шақырамын. Ізгі амал­дар Рамазаннан кейінгі айларда да жалғасын тапса игі.

Рамазан – бірлік айы. Осы айда бе­рілетін ауызашарлар ағайын-жұрт­тың арасын жақындастырып, игі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялар халқымызды сенімі мен нә­сіліне қарамай, ортақ мақсатқа үн­дейді. Бүкіл әлемнің Жаратушысы барша адамға: «Бөлінбеңдер», – деп бауырмал болуға бұйырған. Бір­лігі күшті елдің берекесі артады.Бір­лігімізге бекем болайық!

Қадірлі жамағат! Сауабы еселе­ніп жа­зылатын қасиетті айда жаса­ған амал­дарымыз бен ізгі ниеттері­мізді Ал­ла Тағала қабыл еткей! Әумин!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір