Қаламгерді құттықтады
02.09.2025
227
0

Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратында жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Оразды қабылдап, қаламгерді 65 жас мерейтойымен құттықтады.

Мереке Құлкенов жазушының қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегін атап өтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Құттықтау барысында мерейтой иесіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның арнайы мерейтойлық құттықтауы тапсырылып, иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Шараға Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасарлары қатысып, Нұрғали Ораздың шығармашылық жолы мен әдебиеттегі орны туралы жылы лебіздерін білдірді.
Нұрғали Ораз – қазақ прозасына өзіндік қолтаңбасымен енген қаламгер. Оның туындылары көркемдік тереңдігімен, ұлттық рухпен суарылған болмысымен ерекшеленеді. Жазушының әңгіме, повестеріндегі кейіпкерлер тағдыры мен адам жанына үңілуі – әдебиетсүйер қауым тарапынан жоғары бағаланып келеді.
Қазақстан Жазушылар одағы қаламгерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және жаңа табыстар тілейді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір