«ҮРКЕР» – ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНДЕ
20.05.2016
1476
0

КТЛ-2Өткен аптада Алматы қаласындағы Қабылдау үйінде «Үркер» белгісімен марапаттау  рәсімі сегізінші рет өтті. Бұл шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Қала басшысы 9-11 сынып оқушыларына салтанатты жағдайда «Үркер» төсбелгісі мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

Аталған төсбелгіге қала бойынша 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиа­далар­дың 77 жүлдегері ие болды. 77 жүлдегердің 16-сы ­қа­зақ-түрік лицейінің оқушысы болған­дық­тан, ма­рапаттың арнайы көшпелі символы –«Үркер» белгісі осы лицейге берілді. Қазақ-тү­рік лицейі бұл марапатты үшінші рет иеленіп отыр. 2012 жы­лы, 2015 жылы және 2016 жылдары оқушылар­дың республикалық және халықара­лық олимпиададан жеткен жетістіктері үшін марапатталды. Атап айтсақ, 2015-2016 оқу жы­лын­да қалалық пән олимпиадасынан 33 орын, республикалық пән олимпиадасынан 6 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль және ха­лықаралық жоба жарыстарынан 26 жүлделі орын алды. Сәуір айы­ның 12-14 күні Павлодар қаласында өткен академик Ә.Бектұров атындағы ІІ Халықара­лық химия олимпиадасынан 3 оқушы және VI Жол­дасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықа­ра­лық конкурсынан І орын жүлделерімен оралды.

Қала басшысы Бауыржан Байбек бәсекеге қабілетті, Тәуелсіз еліміздің ертеңгі үміт артар мақ­таныштарына айналатын оқу озаттарына құрметті марапат – «Үркер» белгісін табыс етіп тұрып ата-аналар мен ұстаздардың орасан еңбегі бар екендігін айрықша атап көрсетті. Өз кезе­гін­де, қазақ-түрік лицейінің оқушысы Ға­лым­­жан Балтабай қала басшысына, мектеп оқу­шы­ларына алғыс білдірді.

Ақтамберді ЖАНАРБЕКҰЛЫ.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір