СЫРНАЙШЫЛАРЫМЫЗ  ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
20.05.2016
1273
0

аттанарда жубанов сырнайшылары УЗЫНГАШ онер мектебинде концерт бергенТаяуда Украинаның Дрогобыч қаласындағы И.Франко атындағы мемлекеттік педагогикалық өнер университетінде баян және аккордеон аспаптарында орындаушылардың  IX Халықаралық  «Perpetuum mobile» атты конкурс байқауы  өтті.

Дүбірлі өнер сайысына Польшадан, Латвиядан, Литвадан, Эстониядан, Белоруссиядан және Қазақстаннан үміттерін үкілеген жас музыканттар қатысты.

Байқау нәтижесінде, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті, қобыз және баян кафедрасының меңгерушісі,  өнертанушы, әдіскер-ұстаз Зәуре Смақованың А.Жұбанов атындағы Республикалық музыка­лық мектеп-интернатында оқып жатқан  жас шәкірттері  Елемес Диас 1-ші орын, Ахымбек Темірлан мен Көпберген Жасұлан 2-ші орын, Са­тыбалды Нұрдәулет пен Мұқаш Елдар 3-ші орынды иеленіп, лауреаттар атанған. Ал Құр­ман­ғазы консерваториясының намысын қорғап үлкен топта ансамбль номинациясында Елемес Диаспен бірге өнер көрсеткен қобызшы-студент Сүйекенова Зайрагүл 1-ші орынды иеленсе, сырнайшы Сансызбаев Жандос 3-ші орынды місе тұтыпты.

Сондай-ақ, халықаралық конкурс аясында ұйымдастырылған «XXI ғасырдың музыка­лық өнері»  атты ғылыми-практикалық конференция барысында  «ҚР үздік оқытушысы» Зәуре Нығ­метқызы  «Қазақстандағы сырнай аспабы­ның тарихы»  атты тақырыпта ғылыми баяндама жасап, әр елден келген әріптестерінің  қо­шеметіне бөленді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір