ГҮЛ ӨЛЕҢНІҢ ИРАНБАҒЫ – ИСРАИЛ
13.05.2016
1333
0

israilОңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 25  жыл­дығына орай Түркі  поэзиясы Халықаралық фестивалінің лауреаты, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбайдың 75 жылдық мерейтойы өтті.

Кездесу  жас ақын Жүрсінбек Батырәлінің әсерлі жыр шашуымен ашылып, И.Сапарбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған  «Өзімді саған сыйладым…» атты библиографиялық шолуға ұласты.

Кешке Еркінбек Тұрысов, Мархабат Байғұт, Есқара Тоқтасын, Сәрсенбек Сахабат, Тәттібек Тасалиев, Қайырғали Медеттер қатысып, кеш авторына ыстық ықыластарын білдірді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір