ДЕПУТАТ БОЛАМ
13.12.2024
182
0

  – Асалаумағалейкум Мәке!
– Уағалейкумассалам Сәке!
– Тыныш па?
– Тыныш.
Бітерейін деп ем бір іс.
– Иә, құлағым сенде.
– Депутат болайын деп ем, мен де.
– Мәслихатқа ма?
– Жоқ. Мәжіліске.
– Нең бар сенің, Мәжілісте?
– Енді бақ сынап көрейін де.
– Бақ та, тақ та жоқ.
Ол жаққа барам деушілер көп.
Бірақ өту қиын.
Болу керек елге сыйың.
Сенің жетер ме екен миың?
– Құдайға шүкір, басқасын болмаса да,
Ұйқыны қатырамын ғой.
Бес жыл қалғып-мүлгіп,
Таңды атырып, кешті батырамын ғой.
– Жыныма тимеші менің.
Ол жақтағылардың бәрі
Топас деп пе едің?
– Бәрі болмаса да 80 пайызы сондай.
– Тіліңе шоқ түскір,
Кетесің ғой бір күні оңбай.
– Жоқ, оны мен емес айтқан.
– Енді кім?
– Қинат!
– Ә, анау, депутат ақын ба?
Ол да кетеді, жақында.
Қиын болады-ау, пақырға.
– Маған да керегі сол.
Кетсін деген «петицияға» қойып бердім қол.
Енді орнына мен барсам ба деймін.
Дымымды шығармай, ең болмаса,
Ұйқымды қандырып алсам ба деймін.
– Онда сені кім қолдайды?
– Үкімет қой, үкімет.
Қосып отырған солар, үмітімді үкілеп.
– А-а-а.
Түсінікті онда.
Бәрі біздің қолда.
Дауыс жинап береміз.
Сөз боп па солда.
…Міне, біздің сайлаудың сиқы.
Кімге күлкі, кімге түрпі?
PS: Кешегі Шер-ағаң қайда, аузы дуалы,
Өңшең ұйқыбастар жүр әлі.
Алтын құрсақ аналар барда,
Батырлар әлі туады.

БАЛА САУДАСЫ
немесе

«ҚҰЛҚЫН ҚҰЗҒЫНДАРЫ»

– Алло, саламатсыз ба?
– Саламатпыз.
– Америкадан хабарласып тұр едім,
Бір бала сүйе алмай жүр едім.
Сіздерде бала сатылады дейді.
– Ұл ма, қыз ба?
– Қайсысы болса да мейлі.
– Келіңіз.
Ақшасын қолма-қол беріңіз.
Бірақ құпия,
Айтпайсыз ғой, ешкімге, иә.
– Құдай сақтасын!
Тісімнен шықса,
Қиылып кетсін жас жасым.
– Болды, келе беріңіз.
Көрерміз, сосын, басқасын.
– Айтпақшы, Қазақстанда бала көп пе?
– Көп, көп,
– Сіздерге ұрпақ керек жоқ па?
– Тастандылар сатылады ғой тек.
Тілеуін тілеп жүрміз,
Аман болсын, көкек аналар деп.
– Халық саны қанша?
– 20 миллион.
– Көп емес екенсіздер онша.
Көршілеріңіз Қытай– 1,5 миллиард.
Ресейің 150 миллион.
Сіздерге керегі «лимон».
Олардың шықпай жүрген жаны,
Сәбилердің тамған кіндік қаны,
Өсіп жатыр өз елінде бәрі!
– Стоп.
Сізге бала керек пе, жоқ?..
– Болды түсіндім, барам.
Оптом үш бала сатып алам.

PS:Елде 25 мың бала кеткен сатылып.
50 мың долларға шетел асқан «аһ» ұрып.
Енді.
Жауап беретін кез келді!
Есейгенде елін тауып,
Келіп жатыр ұл-қыздар!
Не дер екен?
Құлқынын ойлаған құзғындар!!!

Күйеу бала

– Апа, апа-ау!
– Ау!
– Күйеу баланы көрсет,
Көрсет деп қоймаушы едіңіз.
– Иә.
– Міне, күйеу балаңыз.
– Ойбу, ойбу.
Бетім-ай.
Қай бетімді айтайын?!
– Не болды сонша,
адам көрмегендей.
– Әй мынауың адам емес,
негр ғой.
Қап-қара көмір ғой.
– Ой, апа, сіз де,
Бұл өзі қара болса да жүрегі ақ.
Пейілі пәк.
– Бір қазақ табылмады ма?
– Қандай қазақ?
– Жүр ғой әне,
Қарабайдың баласы– Қорабай.
Көңілі оның да даладай.
– Фу, сіз де.
Қорабайыңыз, әйтеуір, тірі жан ғой.
Қой соңында жүрген мал ғой.
– Ә, әй,
«Мал-жаның аман ба?» – деп
Ең бірінші малдың жайын сұрайтын
атаң қазаққа тіл тигізбе,
Білдің бе!
Жарайды анау, Қоңқабай ше?
– Қай Қоңқабай?
– Бұрынғы бірігәдірдің баласын айтам.
– А, ол бич қой.
Не үйі, не күйі жоқ.
Жүрген бір шарамыга.
Оданша қара мұнда.
Мына қара балаңыз– қара маржан.
Қызықпайды дүниеге арзан.
Қалтасы толған доллар!
– Долбарың не?
– Долбар емес, доллар– ақша!
– Ақша?
– Иә, ақша.
Америкалық теңге ғой,қазақша!
Қазір сізге де береді.
Өйткені мені жақсы көреді.
– Ал қазақтарды ше?
– Қазақ десе өледі.
Жарайды апа маған сеніңіз,
Батаңызды беріңіз.
– Қалтасындағы шақшасын да,
ақшасын да көргем жоқ қой.
– Міне, міне…
– О-о-о. Көп қой.
– Бәрі сіздікі.
Бізге керек бір той.
– Ой, оны қатырамыз ғой.
Өзіміз қолдан ұзатып,
Құдаларды да шақырамыз ғой.
Қазақтың ырым-жырымын,
Мынауыңа түсіндіріп қой.
Ең бастысы, көк қағаз.
Сонда болмайды араз.
Өзі де келіскен екен,
Ерні дүрдиген сабаз.
PS: Міне, осылайша,
қазақ қыздарының қалың малы
өсіп жатыр. Еуропаны қойып,
Африкаға да, кетіп жатыр.

МАҺІРІҢЕ – НАХІР!

– Жаным, мен сені жақсы көрем!
– Рас па?
– Рас, рас.
– Сені көрсем, тіл байланып, істемей қалады бас.
– Масқара!
– Өтінем, мені тастама!
– Ал құлағым сенде,
Қыз дегенің де пенде.
– Не айтасың?
Тыңдайын мен де.
– Их, ибн, их.
– Ол не?
– Сені сүйем деген сөз ғой
немісше.
– А-а-а.
Онда айтшы, ағылшынша?
– Ай, лявю. – Енді орысша?
– Я тебя люблю.
– Қазақша?
– Мен сені сүйем!
– Жарайды сендірдің, саған тием.
– Бірақ қалауым бар Маһір!
Жігіт емес шығарсың тақыр.
Не алып бересің батыр?
– Қалауыңды айт.
Демеймін саған «тәйт»
Алып беремін Ай мен Күнді де.
Қасымда жүр құлпырып
жүнжіме!
«Тойота корола» ма,
Жоқ, әлде «Ягуар» ма?
Айта бер еш ұялма!
– Жоқ маған керек тікұшақ.
Қыдырайықта адам құсап.
– Түсінбедім, вертолет?
– Жоқ, передумала, самолет!
– Самолет сатыла ма?
– Ақымақ.
Ақшаң болса, ракета да
сатылады.
Көре алмаушылар «аһ» ұрады.
Екеуміз самолетпен қыдырамыз.
Әлемді үстінен бақылап!
– Рас айтып тұрсың ба?
– Рас!
– Не, істеп кетті ме бас?
– Иә, істеді бас.
Саған жүрек болды тас.
Басқа жігітті шақыр.
«Жизнь это – не сахр»,
Кейде – мед. Кейде – «лед».
Мейлі жыла, мейлі бақыр!
Мен кеттім. Маhіріңе – «нахір»! 

Бақытжан ӘЛІМҚҰЛОВ 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір