Күй күмбірлеген шығарма­шылық кеш
02.12.2024
97
0

25 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт­тық халық аспаптары оркестрінің 90 жылдық мерейтойы аясында белгілі күйші, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың шығармашылық кеші өт­ті. Ұлт­тық оркестрмен бірге Б.Байқадамов атындағы Мемлекет­тік хор капелласы, «HASSAK» этно-фольклорлық тобы, Қазақстанның Халық артистері – Рамазан Стамғазиев, Талғат Күзембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров, Халықаралық байқаулардың жеңімпазы Нұрғалым Аманбай өнер көрсет­ті.
Шығармашылық кеште Президент­тің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы атынан Арман Жүдебаевты құт­тықтап, Құрмет грамотасын табыстаса, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан қос палата төрағаларының тілектерін жеткізді. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір