ЖЕҢІМПАЗДАРҒА БІЛІМ ГРАНТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
01.04.2016
1225
0

index+1ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қо­рының ұйымдастыруымен 24-26 наурызда Республикалық VIII «Жарқын болашақ» қа­зақ тілі олимпиадасы өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген, мем­лекеттік және мем­ле­кеттік емес жалпы бі­лім беретін мектеп, лицей, гимназияның 7-11 сынып оқушылары 5 бағытта («Тілші-әде­­биетшілер», «Жас ға­­лымдар», «Жазу­шы­­лар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұл­бұл­дар») қа­зақ тілі мен әдебиеті пәндері бойын­ша білімін сарапқа салды. Олим­­пиа­даға өзге ұлт өкілдері де қатысып, бақ сынады. Қазақ ті­лінде мүдірмей сөйлейтін оқушылар тілдің мәйегін бойға сіңі­ріп қана қоймай, қазақ әдебиетінен де хабардар екенін танытты. Елі­міздің түкпір-түк­пірі­нен келген қатысушылар өз өнерлерін көр­­сетіп, білімді екендерін де дәлелдей жү­ріп, Алматы қала­сын­дағы Сүлей­мен Де­мирел университетіне, «Медеу» мұз  ай­ды­нына, Президенттік саябаққа, «Мега» ойын-сауық кешеніне саяхат жа­сап, қала­ны тамашалады.

Ақтық сын үшін Қазақстанның әр ай­мағынан келген 136­ оқу­­шының басын қос­қан республикалық доданың жеңім­паз­да­рын марапаттау Сүлеймен Демирел уни­верситетінде салтанатты түр­де өтті. Жүл­дегерлер І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, медаль­дар­мен, сыйлықтармен марапат­талды. Республикалық олим­пиа­даның нәтижесі бойынша 11 оқушы бі­рін­ші орынға, 20 оқу­­шы екінші орынға, 33 оқушы үшінші орынға ие болды.

Жалпы саны бес мыңнан аса оқушы қа­тысып, ақтық мәреде жеңім­паз атанған биыл­ғы мектеп түлектеріне еліміздегі 15-тен аса ЖОО білім грантын ұсынды. Оған қо­са, ел тәуелсіздігінің 25 жыл­дық ме­рей­тойы­на орай, 11 сыныпты тәмамдайтын олим­­пиада жеңімпаздарына «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Журналистика» мамандық­тарына арнап Сүлеймен Демирел атындағы университет 25 грант бөлді.

«Биыл сегізінші рет ұйымдастырып отыр­­ған шарада қазақ және өзге ұлт өкіл­дерінің ана тілімізге деген қызығушылығын арт­­тыра отырып, өз ұлтымыздың құн­ды­лық­тарын насихаттауды мақсат етіп қой­дық. Жас ұрпақ қазақ халқының ұлттық құн­­дылықтарын қазақ тілі арқылы ғана бойына сіңіре алады», – деген «KATEV» ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте ел бірлігі үшін әлі де бірнеше жоба жасалып жатқанын айтты.

Сәуір айының соңында «Жарқын бо­ла­­шақ» қазақ тілі олим­пиа­дасының жеңім­­паздары Астана қаласында өнер көрсетеді. Со­нымен қатар, тәуелсіз­дігіміз­дің 25 жылдығына орай жиырма бес ел­ден келетін жас өрендер Астананың төрінде қазақ тілінде ән айтып, өлең оқымақ.

Меруерт НҰРЛАН.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір