Жемқорлықпен күрес тәжірибесі: үлгі мен үрдіс
28.06.2024
76
0

Жемқорлықпен күресу ұғымы жеке адамның немесе дара мемлекеттің меншіктеп алған мәселесі емес. Өйткені қаржылық қитұрқылық, қазына қаражатына қол салу сияқты қылмыстық әрекеттер барлық елде кездеседі. Демек, жемқорлықпен күресу саясаты әлем елдерін біріктіруі тиіс.

Жалпы алғанда дүниежүзілік қаржы қылмысымен күресу бағытында Қазақстанның лайықты орны бар екенін айтуымыз керек. Дамыған елдердің қаржы қылмысына қарсы күресетін ресми орындары бұл бағыттағы жұмыстарына біздің елдің тәжірибесін жиі қолданады екен. Бұл туралы жақында өткен Орталық Азиядағы жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдарының жаһандық жедел желісінің (GlobE) халықаралық кеңесінде де айтылды.
Осы жиында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Орталық Азияда GlobE желісінің өңірлік кеңсесін ашу туралы бастама көтерді. Аталған беделді жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали жиналғандарды Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі басымдықтарымен таныстырды.
Ал конференцияға Біріккен ұлттар ұйымының өңірлік өкілі Ашита Миттал, GlobE желісінің үйлестірушісі Розица Захариева, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков және ЕҚЫҰ өкілі Иван Калабуигтер қатысты. Кеңес шеңберінде іздеу, қылмыстық-құқықтық ынтымақтастық, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақшаны жылыстату және активтердің қайтарылуын қамтамасыз ету үшін өңірдің уәкілетті органдары арасында ақпарат алмасу сияқты GlobE Network ресурстарын пайдалану арқылы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Айтпақшы, бүгінде осы GlobE желісіне 116 елдегі 206 ведомствоның өкілдері тұрақты қатысады екен. Енді бұл желіге Қазақстан да тұрақты қатысушы болып еніп отыр.
Сондай-ақ, жемқорлықпен күресу бағытындағы сырт елдермен тәжірибие алмасу да тұрақты жүргізіліп жатыр. Мысалы, жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Катардың Әкімшілік бақылау және ашықтық басқармасы арасындағы Жол картасына қол қойылды.
Бұл шара катарлықтардың Қазақстанға арнайы келген іссапары аясында жүзеге асты. Маңызды кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали еліміздегі жемқорлықты жою, активтерді қайтару, бизнесті қорғау, құқықтық көмек көрсету, бюджет қаражаты мен сатып алудың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу бойынша жүйелі шараларды таныстырды. Сонымен қатар агенттік төрағасы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу, әсіресе балалар мен жастар арасында, сондай-ақ цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға толығырақ тоқталды.

Өз тілшімізден

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір