СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАҚЫЛАУДА
21.05.2024
403
0

Өңірлерде су тасқынына қатысты қауіп әлі де сейілмей тұр. Қауіпсіздік шараларының күшейтіліп жатқаны көпке мәлім.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырғанын мәлімдеген болатын. Онда табиғатқа байланысты мәселелер сөз болып, бизнес субъектілеріне қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілген.
Төтенше жағдайлар және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының өкілдері мен кәсіпкерлерге су тасқынынан кейін қауіпсіздік шараларын сақтау және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу ұсынылды.
Жергілікті мамандардың мәліметінше, облыс бойынша табиғи апат салдарынан барлығы 156 бизнес субъектісі зардап шеккен екен. Қадағалау органы 26-сәуірде жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын айқындау жөніндегі Өңірлік комиссия құрылғанын жеткізіп, кәсіпкерлік субъек­тілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары (Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген) жобасының ережелері талқыланды. Кәсіп иелерінің түйткілді жағдайлары оң шешімін табатыны жайында ақпарат берілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір