ABAI.KZ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
16.04.2024
405
0

Биыл Abai.kz порталының ақпарат айдынында желкен кергеніне 15 жыл. Портал ұжымы осы бір дөңгелек датаға орайластырып бірқатар іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Алайда тосыннан келген табиғи апат – тасқын су республикамыздың ондаған өңірін басып, еліміз төтенше жағдайды бастан кешуде. Мұндай қыстаяң шақта Abai.kz ақпараттық порталы да қиындыққа ұшыраған халықтың бір жағына шығу үшін көмек-жәрдем жасауға шешім қабылдаған көрінеді.
«Біз өзіміздің 60 отбасына арналған гуманитарлық көмегімізді Алматы қаласында орналасқан еріктілер штабына тапсырып, сондағы фронт-кеңсе еріктілерінің көмегімен Атырау облысын бетке алып бара жатқан жүк көлігіне тиедік.
Су басқан аймақтардағы ағайынның сұрауы және еріктілер штабының кеңесі бойынша, гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік (алыс жолға жарамды), тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар сатып алынды.
Abai.kz республикалық-ақпараттық порталы ел басына түскен қазіргідей қиын кезеңде азаматтық, қоғамдық бастамалардан тыс қалған емес. Бұл қиындықта да ел болып жұмылып, апатты еңсеру біздің қолымыздан келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – дейді ақпараттық порталдың бас редакторы Нұргелді Әбдіғаниұлы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір