Жас ғалымдарға қамқорлық
17.01.2024
202
0

2023 жылдың желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Отбасы Банк» АҚ-мен бірлесіп жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама жас ғалымдарға бүгінгі күннің қажеттілігі болып табылатын алғашқы баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тұрғын үй бағдарламасына гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми — техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде үш жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілімен, магистр деңгейінен төмен емес, тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдар қатыса алады.


Абай университетінде осы бағдарлама аясында Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, PhD Карима Сейтбекова, Математика, физика және информатика институтының оқытушылары Салтанат Мейманкулова және Айкенже Жамкеева, Тарих және құқық институтының оқытушылары Айзада Берікболова мен Мадина Амандосова баспаналы болды. «Отбасы банк» АҚ университеттің тағы 7 жас ғалымының құжаттарын мақұлдады, бұл бастаманың тиімділігі мен қажеттілігін растайды.


Абай университетінің жас ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, университет басшылығына қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Бұл бағдарлама дарынды ғалымдар үшін жайлы баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесін ынталандырады. Ғылым саласындағы бұл бастама алдағы уақытта да еліміздің ғылыми қоғамдастығы көшбасшыларының жаңа буынын ынталандырып, қолдау көрсететіні анық.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір