«ЖҰЛДЫЗДЫ ЖЕМҚОРЛАР»
22.02.2016
1186
0

226987070Жер жүзін жайпап жеп жатқан, жүй­рік­тігімен жерлестеріне, жұрттастарына жар­қын жол жасаған жемқорлар жама­ға­тының жиһанға жұққыш жағым­ды­лы­ғы жайында жалпақ жаһанға жақсылап жар­намалау жайында, жалпы жетістіктері жө­нінде жергілікті журналистер жөнді жаз­­бай жүргесін жауапкершілігі жоқ жол­дастық Жемқорстан жұртынан жеріне жет­­кізе жазатын жақсы жазарман жалдады.

Жуырда жеті жұлдызды «Жалмауыз» жем­­ханасында жер-жерден жөңкілген жем­­қорлардың жеті жүздей жүйрігін жүз­дес­тірген жалпы жиналыс жасалды. Жиын­­ға жұтқыншақтарынан жүз жыл­қы­ны жөнелтіп жібергенде жұмырына жұқ­­пайтын жебірлер және жұмыртқадан жүн жұлған жылмақай жұтырлар жиналды.

Жемқорлардың жаңа жылдық жоспарын және жылыстаған жылдағы жетіс­тік­терінің жай-жапсарын жиналысты жүр­гіз­ген жер-жаһандық «Жойқын Жем­қор» жа­рысының жеңімпазы Жым­қырған Жұт­қынбайып желпіне жеткізді.

– Жаңа жылдарыңызбен, жайсаң­да­рым! Жақсы, жайлы жылда жолық­қаны­мыз жүректі жылытады. Жалықпастан жар­қын жақтарымызды жарқыратып жан-жаққа жарапазандатып жатырмыз. Жеу­дің жаңа жолдарын жетілдіріп, жүрдек жүйелер жасап, жақын жердегіні жеп жойып, жей білместердің жанына жақындауға жігері жетпеген жаңа жұрт­тарға жармасуды жалғастырудамыз. Жа­ман­дайтын жағдайымыз жоқ. Жердің жүзіндегіні жайпап, жуық  жылдарда жо­март жер жынысындағы жылы-жұмсақты жап­пай жеп жоюға жақындаймыз. Жем­қорларымыз жетпіс жеті жұрттың жегір­лері жиналатын жылда жүргізілетін жа­рыс­та жанына жан жуытпай жеке-дара жеңіс­ке жетті. Жатқанды, жолыққанды, жы­бырлағанды, жүргенді жүгімен, жұ­мыртқаны жүнімен жейтіндер, жетімдерді жылатып, жоқ-жұқаналардікін жылма­ғай­дай жұтып, жамағатты жындандыруға жа­қындаттық.

Жалпы, жеңістен-жеңіске жетіп жүру жақ­сы жоралғы. Жоғарылаған жақтары­мыз жайлы жалпы жұртқа жетіп жатыр. Жетіспеушіліктер жайында жеткізсем: жүз жылға жетерлік жиғанымыз жүдә жет­кіліксіз, жылда жинайтын жарна жа­ғы жарытымсыздау және жапырып жеудің жө­нін жаңадан жолға жүріс жасаған жас­тарға жан-жақты жеткізіп, жәрдем жасау жағы жөнді  жүргізілмей  жатыр. Жастарды жер жебіріне жетіп жамандаудың жөні жоқ. Жасы жүзге жақындаған Жегенкөп Жұқболмасыптың жолымен жүргендер жақсы жетістіктерге жететінін жатыпіш­пес жастарға жақсылап жеткізейік! Жем­қорлықты жаңғыртар, жақын жылдарда жарқын жетістіктерге жетер жастардың жасауын жабылып жабдықтайық. Жайына жүрген жастарды жемқорлар жама­ға­тына жүргізіп, жемқорлық жұмыс­қа же­гейік! Жаңа жетістіктерге жетейік! Жер жүзінде жемейтін жанға жол жоқ! Жем­қор­лықты жоюға жұмылып жүрген жете­сіз желөкпелер жаппай жындыханаға жа­былсын! Жемқорлар жасасын!  Же­мей­тіндер жер жүзінен жойылсын! Жым­қырбай жариянамасы жазылған жазбаны жан­қалтасына жұтқызып, жайлы жеріне жай­ғасты. Жымкеңнің жылы жолдауы жа­нына жаққан жиналғандар жер жар­ғандай жамырасып жатты…

Жиналыс жалғасында жемқорлықты ж­етілдірудің  жаңа жеті  жылдық  жоспары­ жиналғандарға жан-жақты жаппай жа­рия­­ланып, жекелеген жетекші жемқор­лар­ға жаңа жүктемелер жүктеу жөніндегі жобаны жарылқап, жоспарға жалғады. Жиналыс жарыссөзбен жалғасты.

Жиналыс жабылуға жақындағанда жа­салған жағымды жаңалық: жемқор­лық­ты жетілдіруге жағдай жасаудың жаңа­ша жолдары жайында жариялан­ған ­жо­балардың жеңімпаздарын және жүл­дегерлерін жюри жарылқады. Жақсы жа­ғынан жарқыраған жандардан: Жа­ғымпаз Желбуазып, Жылмаңкөз Жәді­гөйіп, Жырбақай Жарымесіп, Жұлыпжер Жұқбасыпжәне жеті жегір «Жұлдызды жем­қор» жүлдесін жүрек  жағына жапсырды.

Жиналыс жабылды. Жайбарақат жү­ріске жаны жау жігерлі жастар жағы жиын­ды жағалаудағы жан-жағы жарқ-жұрқ жайнаған «Жынойнақ»-та жалғас­тырды.

…Жан-жағыма жанарымды жүгіртсем, жаяу жүрген жан жоқ, жаппай «Жип­те­ріне» жайғасқан жүздері жарқын жемқор­лар жан-жаққа жамырасып жөнеліп жатыр…

«Жалданып» жазған журналист Мұрат Жетекбай.
(Жалғасы жоқ).

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір