«пандемия – 2019»: КЕСЕЛ мен ӘСЕР
16.09.2023
173
0

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус қатерінің басылғаны туралы ресми мәлімдемесінен кейін де бір жыл өт­ті. Әзірге бірлі-жарым болмаса әлемде кесел байқалмайды. Бірақ екі жылға созылған дағдарыстың салқыны әлі де бар.

Екі жылға созылған шектеулер, «үй қамағы» оңай ма, түшкірген жанның қасынан, аш пәледен қаш пәле» жандалбаса қашатын болдық, дүкен, базарға да емін-еркін кіре де алмадық.
Алайда әлемдік ақпарат құралдары енді пандемияның адамға тигізген психологиялық әсері туралы жаза бастады. Мәселен, екі жыл үйге қамалып, үйкүшік болған Испания ересектері уақыт өткізу үшін баланың ойыншығын ермек ететін қылық шығарыпты! Немересімен қуыршаққа таласып, керілдесіп отырған кемпірді көзге елестетіп көріңіз…
Міне, пандемияның адамзатқа, оның психикасына тигізген әсері осындай. Ал Адам-Ата ұрпағына осыншалықты ықпалы болған дағдарыстың қазақы қарым-қатынасқа, мінез-құлыққа қандай әсері болды екен?
Ауылға бардық. Бұрынғыдай ағыл-тегіл қонақ, ерсілі-қарсылы ағылған халық жоқ. Әркім өз үйінде. Көрші отырған екі отбасы бір-бірінің үйіне сирек барады. «Осының бәрі пандемия шектеуінің әсері» дейді үлкен кісі.
Қуыршақ ойнап отырған кемпір еске түседі. Екі жылға созылған үйқамағы бір-бірін таңның атысынан күннің батысына дейін көріп, мезі қылған халықтың есін алған сияқты. Оңай ма, күні-түні көретінің қасыңдағы әйелің, яки күйеуің ғана. Бір-біріңнен әбден мезі боласың. Оның арты ұрыс-керіс, жанжал, оның ақыры ажырасуға әкеліп соғары тағы белгілі. Ұлы сөзде ұят­тық жоқ, бір таныс жігіт­тің шектеулер асқынып тұрған кез­де «әйелім коронавирус жұқтырасың деп қасына жолатпайды» дегені де бар… Кейбір дереккөздері пандемия кезінде әлем бойынша ажырасқандар санының көбейе түскенін жазады. Оған, керісінше, дағдарысты жылы үйінен шықпайтын отбасыларда бала туу көрсеткіші өскенін айтады.
Пандемия белгілі әлемде алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында нақтылады. Әлем жұртшылығы қытай көрсе, әзірейіл көргендей қашатын болды. Қазақ­стан-Қытай шекарасы да тарс жабылып, екі ел арасындағы қарым-қатынас тоқтады.
2020 жылы 30 қаңтарда Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының ковидті халықаралық маңызы бар дерт деп тәлімдеуінен соң проблема одан әрі асқынды. Оның үстіне, қайтыс болғандар саны да артқан.
Қазақ­станда коронавирус алғаш рет 2020 жылы 13 нау­рызда тіркелді. Астаналық шенеунік ауруды шетелдік сапарынан жұқтырып келген. Ал үш күннен соң 16 наурызда Қазақ­станда дертке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Сол жылы Президент Тоқаев 13 шілдені пандемиядан көзжұмғандарды еске алу күні деп белгіледі. Ал содан тура үш жыл өткен соң әлем бойынша пандемиядан қайтыс болғандар саны 767 миллион деген дерек берілді. Бұл енді адамзат тарихындағы ең ірі шығын еді. Мәселенің ақ-қарасы тарихтағы ең алапат қырғын делінетін. Екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шығынының 50 миллион емесін айтсақ та айқындала түспек.
2023 жылдың 5 мамырында 677 планетаға енді пандемия­ның әсері жоқ деген ресми мәлімет­тер тарат­ты. Аузы күйген үріп ішетіндер де, сенбейтіндер де бар. Себебі пандемия адамзат­тың болмыс-тағдырына, тұрмысы мен әл-аухатына қат­ты әсер ет­ті. Біраз елдің экономикасы әлсіреді. Ұлт­тың руханият­тарға тиген әсері өз алдына. Ал Қазақ­стан дағдарыстан қаншалықты зардап шекті екен? Алдымен қаржылық-экономикалық шығынға тоқталайық.
Екі жылдағы жалпы ел бойынша дағдарысқа қарсы шығын көлемі 4 триллион теңгеден асты. Оған Ұлт­тық Қордағы 1,8 триллион теңге бөлінді. Рас, үкімет осы ықтимал шығындарды ескермеді деуге болмайды. Бірақ тажал дағдарыс бәрібір өз дегенін істеді.
Алдымен халықтың күнін көріп отырған кіріс көзі шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілді. «Бизнес-2020» жылдың соңына дейін салықтан босатылды жеке адамдардың жағдайы ескеріліп, дағдарыс кезінде кірісін жоғалтқандарға бір рет­тік ең төменгі жалақы (42,500 теңге) мөлшерінде жәрдемақы төленді. Зейнетақы мен жәрдемақы индекциялайды.
Кеселдің алдын ала таратпау мақсатындағы шаралар арасында мектептердегі онлайн оқу мен кейбір мекемелердегі онлайнның жұмыс тәртібін ерекше айту керек. Оқу сапасымен қоса, еңбек өнімділігіне де кері әсері болған осы амалсыз шаралардың салқыны әлі де болса бар екенін де мойындау керек…
Қазақы дүниетаным тұрғысынан алғанда дағдарыстың руханиятқа тигізген кері ықпалы да жетерлік. Думаншыл, тойқұмар халықтың байырғы дархандығы мен қонақжайлылығына да тиген кері инерция баршылық.
Қазір қатерлі дерт­тің беті қайт­ты. Бірақ зардабы қалды. Ал ол – ел үшін, мемлекет­тік саясат үшін тәлімі мол сабақ болса құба-құп.

Өмірзақ МҰҚАЙ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір