Түркия МҰРАТ ӘУЕЗОВТІҢ мерейтойын атап өтті
03.07.2023
307
0

Белгілі мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезовтің мерейлі 80 жасқа толуына орай Түркияда халықаралық конференция ұйымдастырылды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйытқы болуымен Анкарадағы Хажы Байрам университетінде өткен жиынға түріктің қоғам қайраткерлері, әдебиет, мәдениет саласындағы айтулы мамандар мен түркологтар қатысты.
Бұл басқосуға Қазақ елінен Мұхтар Әуезов мұражайының ғылыми қызметкері Ермек Қаныкей арнайы барып, ғалым хақындағы баяндамасын оқыған. Бұдан өзге түркиялық ғалымдардың зерттеу баяндамалары көпшілік назарына ұсынылған конференцияда Мұрат Әуезовтің ғылым мен мәдениетке, әдебиетке қосқан өлшеусіз үлесі жан-жақты талқыланды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір