ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ
«Қазақ үні» газеті мен «qazaquni.kz» cайты 22 қараша мен 27 желтоқсан аралығындағы қоңырау шалу, СМС, электронды пошта арқылы және «qazaquni.kz» cайтындағы мыңдаған оқырмандардың ұсыныс-пікірлеріне сүйене отырып, бірнеше номинация бойынша «Жыл адамдарын» анықтады.
Олардың таңдауы бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл саясаткері атанды. Сондай-ақ, бұл таңдаулылардың қатарында қоғам қайраткерлері, депутаттар, әкімдер, кәсіпкерлер, өнер өкілдері бар. Осы таңдау барысында Тынымбай Нұрмағамбетов – жыл жазушысы, Исраил Сапарбай – жыл ақыны және Серік Асылбекұлы – жыл драматургі атанды. Әріптестерімізді қуанышымен құттықтаймыз!