АҚЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН «ЕЛІМ-АЙ»
Жуырда Түркістан қаласында Қожаберген жырау Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының 300 жылдығына орай, «Елім-ай» жыры және Қожаберген батыр – Қазақ елінің намыс пен ерлік айнасы» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтті.
Түркі елдері Жазушылар одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында Жазушылар одағы Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов, сыншы, әдебиеттанушылар Құлбек Ергөбек пен Әмірхан Меңдеке, жазушы Қали Сәрсенбай, Қазақстанның Құрметті судьясы Бекет Тұрғараев, қоғам қайраткері, қаламгер Жарасбай Сүлейменов болды.
Ұлт тағдырының талайлы кезеңін арқау еткен дастанды жырға қосқан ақындар аламанында бас бәйге Иранбек Оразбаевқа (1 000 000 тг.), бірінші орын Көкбөрі Мүбаракқа (500 000 тг.), екінші орын Үмітбек Бағдатқа (300 000 тг.), үшінші орын Нұрбек Кеңесбай мен Әлібек Азаматқа (400 000 тг.) бұйырды. Сондай-ақ жас ақын Дәурен Тілеухан ынталандыру сыйлығымен (150 000 тг.) марапатталды.