«Маңғыстау мақамдары»
17.05.2023
473
0

Мамыр айының оны күні Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы мен Қазақстан Жазушылар Одағы Маңғыстау облыстық Филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Мамыр мақамдары» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Жаңа форматтағы кеште өлкеге танымал ақындар – Сұлтанбек Құдайберген, Әнуарбек Бимағамбет, Анар Шамшадинова, Асылбек Жаңбырбай, Жұмагүл Мұрсал, Тілеген Али, Алтынбек Әлібаев, Еділбек Дүйсенов өлең оқып, өнерпаздар – Есенбай Құли, Айгүл Құбаш, Әлия Қарамұхан әсем әннен шашу шашты, күмбірлете күй төкті.
ҚЖО МОФ директоры Әнуарбек Бимағамбет поэтикалық кеш жалғасын табатынын, Маңғыстаудың ақындары мен өнерпаздары әр ай сайын оқырмандар мен көрермендерін өнерімен қуантуға әзір екенін айтты.
Өлең-сөзге шөлдеген көрерменнің қимас сезімін кеш соңындағы ұзақ шапалақ соққанынан-ақ байқауға болатын еді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір