«Кең Маңғыстау – кең ием»
30.10.2023
112
0

Ертеректе өзіміз өңір-өңірді аралап, елмен жүздесіп, көрісіп, кездесу өткізіп жататын аға буын өкілдерінің естеліктерін оқып, руханият жанашырларына тәнті болып жататын едік. Сол дәстүр үзіліп қалғандай, жалғасын таппағандай пұшайман күн кешетініміз де рас еді. Сол дәстүр жалғасын тапқандай Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан жаңа бастамалар жиі қолға алына бастады.

 

Жақында Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, жазушы Бейбіт Сарыбай екеу­міз Маңғыстау топырағына барып, өңірдегі жұртшылықпен кездесу өткізіп қайт­тық. «Әдебиет – мәңгілік құндылық» аталатын жобаның алғашқы адымы ­Ш.Есенов атындағы университеттің студенттері мен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы құрамымен кездесуден басталды. Игі шара ертесі Маңғыстау облысының әмбебап кітапханасындағы оқырмандар, мектеп оқушыларымен кездесіп, пікірлесуге ұласты. Кітапхана басшысы Зәуре Айтуарова өңірдің мәдени ахуалымен таныстырып, мұндай шараға әрқашан қолдау білдіретінін жеткізді.
Шара әрі қарай Жаң­өзен қаласындағы журналист, ақын, қаламгерлермен және мәдениет, кітапхана қызметкерлерімен, жергілікті БАҚ өкілдерімен, арнаулы оқу орындары мен мектептеріндегі тіл-әдебиет мамандары, көркемсөз үйірмелеріндегі талапты оқушыларымен сыр-сұхбат негізінде жалғасын тапты. Қаланың орталық кітап­ханасы мен бөлімшелеріне кітабымызды сыйладық.


Қазақстан Жазушылар одағы атынан арнайы барған біздер Мұнайлы аудандық ­Ф.Оңғарсынова атындағы Мәдениет үйінде өңір жұртымен пікір алмастық. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, ой бөлістік. Ертесі Маңғыстау облысының әмбебап кітапханасында Жазушылар одағы мүшелері, мәдениет өкілдерімен тағы да жарқын жүздесу болды. «Кең Маңғыстау – кең иемде» үш күндік сапармен болған біздер уақыттың қалай зыр етіп өткенін білмей, Алматыға қайт­тық. Кездесулерді ұйымдастырып, өңір жұртшылығымен жақын танысуға мүмкіндік жасаған Жазушылар одағының Маңғыстау филиалы директоры Әнуарбек
Бимағамбетке алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Ы.Дәбей

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір