ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
11.05.2023
162
0

Сәрсенбіде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында көрнекті жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры Сұлтанәлі Балғабаевтың мемлекеттік тапсырыспен «Ан-Арыс» баспасынан жарық көрген «Ауыл мен Алматы» атты үш томдық («Сыр мен Сарысу», «Алтын сағым», «Ауыл мен Алматы») таңдамалы шығармалар жинағының және «Қызыл сырнай» деген повестер мен әңгімелер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Салтанатты кешке жазушы, кинодраматург, Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессо­ры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубаев, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Дәулет Сейсенұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса Лидия Каден, театр режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры Әубәкір Рахимов, Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек, Өнертану кандидаты, театр сыншысы Амангелді Мұқан қатысты.
Өнертану факультетінің деканы, өнертану кандидаты, профессор Меруерт Жақсылықова, «Театр өнерінің тарихы мен теориясы», «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы да кештің куәсі болды.
Сұлтанәлі Балғабаев жетекшілік ететін шеберханада білім алып жатқан 3 курс кинотеледраматургия бөлімінің студенттері арнайы поэтикалық қойылым қойды. Жазушының кітаптарынан көрме жасақталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір