ЖЫЛ КЕЛГЕНДЕЙ ЖАҚСЫЛЫҚ
05.02.2016
1233
0

IMG-20160204-WA0014Әлқисса!.. Ұлы суреткер, арда азамат, ұлағатты ұстаз, шебер аудармашы, ғаламат ғалым Мұхтар Әуезовтің «Жыл келгендей жаңалық» деген мақаласы бар еді. Қайбір пленумда жас қаламгерлердің шығармашылығы турасында толғанысқа толы сол баяндамасы әсерлі де маңызды шыққан-ды… Көтерілген мәселесімен, қозғалған тақырыбымен мәнді һәм тартымды.
Спорт – тән саулығы, жан саулығы жә­не ой тазалығы. Ойнаған сайын ­құ­мар­лық құштарлыққа ауысып, ада­ми­лық пен мораль үстемдік құра бас­тайды. Расында да солай!.. Технократия өр­шіп, экологиялық бұзылған шақта ден­нің саулығы, адам амандығы мем­лекет үшін маңызды. Қаланың қарбалас тіршілігінің далдасында көп нәрсе ес­керусіз қалып бара жатқаны өкінтеді. Со­ның бірі – ұлт болашағы, ел ертеңі. Бұл тұрғыда спорттың атқарар қызметі орасан, мына әлемде, адамзат өмірінде алар орны алабөтен деп білеміз. Мұхаң – Мұхтар Әуезов мақаласының атауын сәл өзгертіңкіреп, жуырда шаһарымыз-да 18 бен 60 жас аралығында кіші футболдан дода өткен болатын. Аты – «Жыл келгендей жақсылық». Мешін жы­лы шымылдығы спортпен ашылса ар­ты баянды болады деген тілекпен ұйым­дастырушы – журналист, теле­жүр­гізуші Ақын Ордабайұлы «Құт­қару­шылар», «Жалын», «Жігер», «Қай­сар» атты 4 команданың басын қосып, ортаға бас жүлде – кубокты қойды. Сөз сөйленіп, жылы тілектер айтылған соң турнир басталып та кетті. Алыспай бе­ріс­­пейтін спорт айқасы қызықты да өне­­гелі болды. Әр сала адамдары, әр ма­­мандық иелерін біріктірген футбол татулық, достық, бірлік, бауырмалдық­ды насихаттауда. Биік мақсат-мұратты көздеген осынау жарыс енді дәстүрлі түр­де өтіп тұрады. Ал 2016 жылы өткен аламан ешқашан естен кетпесі анық.
2 сағатқа созылған сайыс қорытындысы бойынша Ержан Қаңлыбаев, Нұрхан Қалиев, Ардақ Алиев, Ғалым Раба­тов­тар­дан құралған Алматы қаласы Құт­қару қызметінің қызметкерлері – «Құт­қарушылар» командасы 1 орынға, 2 орын­ға «Жалын», 3 орынға «Жігер», 4 орын­ға «Қайсар» тұрақтады. Ең үздік құ­рама төбесіне кубок көтерсе, ерекше көз­ге түскендер «рухани азық» аталатын кітап түріндегі арнайы марапатқа ие болғаны көңілді қуаныш-шаттыққа бө­леп үлгерді. Осындай турнирлердің бір ерекшелігі – адамдар бір-бірімен та­нысады, сөйлеседі, алыстағы ағайын жа­қындай түседі. Қазақ елінің өркен­деп-өсуін, ұрпақ саулығын ойласақ, атал­мыш доп додаларын, спорттық ша­ра­ларды көптеп ұйымдастырсақ екен де­ген тілек бар. Лайым солай болғай!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір