Әділетті қоғам идеясы талқыланды
05.11.2022
196
0

ҚазҰУ-да өткен конференцияда мемлекет қайраткері, ақын, драматург Нұрлан Оразалин, филология ғылымының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрамындағы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры Абдылжан Акматалиевтар Шерхан Мұртазаны ерекше толқыныспен еске алды. Конференция аясында Шерхан Мұртазаның шығармашылығы туралы фильм көрсетіліп, ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құттықтаулары және онлайн форматта шетелдік ғалымдардың да арнайы құттықтаулары оқылды. Сондай-ақ осы күні журналистика факультетінде Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза атындағы аудитория ашылды.

Қаламгердің мерейтойы аясында жаңадан ашылған аудитосінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Қазақ газеттері» ЖШС басшысы Шәмшидин Пәттеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Қайнар Олжай, Нұржан Жалауқызы және т.б. танымал бас редакторлар жуырда күрделі жөндеуден өткен №5 жатақханаға арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Құрметті қонақтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің жұмысымен де танысты. Университет түлегі, ақын Нұрлан Оразалин білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен іске асырылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, алдағы уақытта ректордың арнайы шақыртуымен көшбасшылық дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісетінін атап өтті. Кездесу соңында қонақтар ҚазҰУ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің ұжымына шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктер тіледі.       

  Мақала авторы:  ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Мақала жолдаушы: Маулит Бақытнұр 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір