ЕУРОПА МЕН АЗИЯ ЕЛДЕРІ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТУДЕ
25.06.2022
100
0

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың Басқарма Төрағасы Ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған делегация Францияның ГренобльАльпі университетінде Директорлар кеңесінің 8-ші отырысына қатысты.

«Campus in Campus» жобасы – ғылыми-білім беру ресурстарын ұлттық немесе институционалдық кедергілерсіз пайдалану мақсатында серіктес университеттер кампусын ортақ пайдалану бастамасы. Сонымен қатар серіктес университеттер «Campus-in-Campus» (CiC) жобасы аясында студенттер, оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлердің ұтқырлығын арттыруы қажет.

ҚазҰУ 2019 жылдан бастап «Campus-in-Campus» жобасының қатысушысы болып табылады. Цукуба университеті (Жапония) мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы CiC меморандумына қара шаңырақта өткен QS World University Rankings форумы аясында қол қойылған болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Еуропа мен Азия университеттерінің кездесуіне қатысуда. Директорлар кеңесінің 8-ші отырысына Цукуба университеті, Бордо университеті, Тайвань ұлттық университеті, Сан-Паулу университеті, Малайзия технологиялық университеті, Ирвандағы Калифорниялық университеті (CiC зерттеу серіктесі), Утрехт университеті (CiC зерттеу серіктесі), Гренобль-Альпі университеті, Огайо мемлекеттік университеті, Бохумның Рур университеті сынды әлемнің жетекші ЖОО-нан делегация келді.

ҚазҰУ делегациясының сапары аясында Гренобль-Альп университеті, Цукуба университетімен қарым-қатынасты кеңейту уағдаластығы жасалып, Бордо университетімен екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Мақала авторы:  ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Мақала жолдаушы: Маулит Бақытнұр

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір