Ирен Хараламбидес: Қазақстанда көптен күткен өзгерістерді байқадық
Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялап, 19 наурыздағы жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижесін былай деп көрсетті:
«АМАNАТ» партиясы – 40;
«Ауыл» ХДП – 8;
«Республика» партиясы – 6;
Қазақстан халық партиясы – 5;
«Ақ жол» демократиялық
партиясы – 6;
Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы – 4.
«Байтақ» – 2,30%,
Бәріне қарсы – 3,90%.
Бірмандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі алдын ала шығарған қорытындыға сай сол қалпы қалды.
Дәулет Тұрлыханов (Астана),
Дәулет Мұқаев (Астана),
Ерлан Стамбеков (Алматы),
Ермұрат Бапи (Алматы),
Бақытжан Базарбек (Алматы),
Данабек Исабеков (Шымкент),
Болатбек Нәжметдинұлы (Шымкент),
Нұртай Сәбилянов (Абай облысы),
Айна Мысырәлімова
(Ақмола облысы),
Қазыбек Әлішев (Ақтөбе облысы),
Ардақ Назаров (Алматы облысы),
Данияр Қасқарауов (Алматы облысы),
Әділ Жұбанов (Атырау облысы),
Абзал Құспан (БҚО),
Мұқаш Ескендіров
(Жамбыл облысы),
Гүлдара Нұрымова (Жамбыл облысы),
Руслан Қожасбаев (Жетісу облысы),
Құдайберген Бексұлтанов
(Қарағанды облысы),
Арман Қалықов (Қарағанды облысы),
Әбіл Еркін (Қостанай облысы),
Мархабат Жайымбетов
(Қызылорда облысы),
Еділ Жаңбыршин
(Маңғыстау облысы),
Амантай Жарқынбек
(Павлодар облысы),
Еркебұлан Мәмбетов (СҚО),
Қайрат Балабиев (Түркістан облысы),
Ұласбек Сәдібеков
(Түркістан облысы),
Темір Қырықбаев
(Түркістан облысы),
Ерболат Сатыбалдин
(Ұлытау облысы),
Лұқбек Тұмашинов (ШҚО).
Еске сала кетейік, еліміздегі Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 19 наурыз күні өткен болатын. Оған жеті саяси партия және мажоритарлы жүйемен өзін-өзі ұсынған кандидаттар қатысты.
ОСК жеті күннен кейін сайлаудың нақты нәтижесін жариялады.
Шет елдерден келген бақылаушылар, соның ішінде халықаралық ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері де бар, Қазақстанда өткен бұл сайлауды «Қазақстанның саяси өміріне бәсеке әкелген сайлау болды» деп бағалады.
Расында солай болды. Телеарналар арқылы ұйымдастырылған партиялар арасындағы дебаттар мен өзге де БАҚ беттерінде сайлауалды науқанының бұрынғы сайлауларға қарағанда әлдеқайда тартысты өтіп жатқаны байқалды. Оппозициялық партиялар билікке жақын партиялардың қызметін қатты сынға алса, жекелеген үміткерлердің арасындағы бәсеке тіпті күшті болды.
«Қазақстанда көптен күткен өзгерістерді, соның ішінде сайлау заңнамасындағы өзгерістерді байқадық, бірақ Қазақстан – демократиялық даму жолындағы саяси мақсатына өміршең реформалар арқылы ғана жете алады. Соның ішінде азаматтардың еркіндігіне көп мән беру керек», – деді ДИАҚБ бақылау миссиясының жетекшісі Ирен Хараламбидес ханым. Байқадыңыз ба, ДИАҚБ бақылау миссиясының жетекшісі: «Қазақстанда көптен күткен өзгерістерді, соның ішінде сайлау заңнамасындағы өзгерістерді байқадық», – дейді. Бұл сөз біздің саяси өмірімізде ілгерілеу басталғанын білдірсе керек. Оны, әрине, демократиялық құндылықтарды жоғары бағалайтын әлем аңғарып та отыр. Сондықтан қазақ билігі бұрынғыдай: «Қазақстанның өз даму жолы бар» деп бұра тартпай, дамыған елдерді даңғылға салған демократияның жолына осындай сайлаулар арқылы түсе беруі керек.