ШЫМЫРЛЫҚ пен ШЫНАЙЫЛЫҚ
06.02.2023
3253
0

Қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі, соны соқпағы бар Әбубәкір Қайранның өлеңнен бұрын республика жұртшылығына ең әуелі әңгімелерімен танылғанын қазір екінің бірі біле бермейді. Иә, өткен ғасырдың 70 жылдарының соңына таяу облыстық «Семей таңы» газетінде оның «Сәби жүрегі», «Қара мең», «Балдыз», «Ата махаббаты» сияқты тырнақалды әңгімелері дүркін-дүркін жарияланып, елді елең еткізгені анық. Қайсыбір жылы Алматыдағы Ұлт­тық кітапханаға соғып, газет­тің сол жылдардағы тігіндісін ақтарып, әңгімелерін қызыға, құмарта оқып шыққанбыз. Түбіт иек бозбаланың емес, қаламы қалыптасқан қаламгердің жазғанындай қабылданады. Тіпті осы күйі жаза берсе, қазіргі қазақ жазушылары­ның алдыңғы қатарынан ойып тұрып орын аларына еш күмәніңіз қалмайды.

Бір қызығы ол 1978 жылы Алматыда өткен жас ақын-жазушылардың кеңесіне де әдебиет­тің проза саласы бойынша қатысты. Сол жолы семейлік жастарды деректі прозаның майталман шебері, әйгілі жазушы Медеу Сәрсекеев бастап әкелген еді. Ал әңгімелерін қара сөздің қаймағын қалқыған Оралхан Бөкеев тамсана оқып, соңымыздан тегеурінді толқын келе жатыр екен деп, зор үміт артқан болатын. Алайда содан бастап Әбубәкір көпке дейін прозаның ауылына ат басын бұрмай, сөз патшасының жалына жармасты. «Аспан», «Ағын», «Дауыл», «Қасқыр», «Ескі үй» бастатқан өлеңдеріне поэзия жанкүйерлерінің қызыққаны сонша, ел арасынан оның жырларын жатқа айтатындар шықты.
Содан да болар Ә.Қайран оқуын тәмамдап, Алматы облысының Күрті ауданында бірер жыл қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, Алматыға ауысып келгенде, Оралхан марқұм оны көре сала «сатқын!» деп сөгіпті. Мұндайды күтпеген жас ақын атағы дүрілдеп тұрған жазушы ағасына: «Сатқын болып мен сізге не істеппін?», – деп алая қарайды. Жұмағаң, Баяғаң сияқты азулы ақындар алқалап, буыршындай буы бұрқырап жүрген жас пері мұндайды күтпегенмен, Орағаң кеңесті де, Әбубәкірді де ұмытпаған екен. Адам кімге назар салып, неге мән берсе, жадынан сол шықпақ емес. Жаманның қай-қайдағы бықсық-бүксікті, жақсының жан жадыратар, көңіл қошын шақырар ғажайыптарды ұмытпайтыны сондықтан. Алтайдың кербұғысындай тәкаппар да кірпияз жазушы: «Анандай әңгімелерден соң түк жазбаған сен сатқын емей, мен сатқынмын ба?– дейді түйіліп.– Сен прозаны сатып кет­тің ғой!» Сонда ғана Әбубәкірдің жүзіне қан жүгіріп, қатарластары жаза алмай жатса, прозаға міндет­ті түрде кірісетінін, әзірге поэзияға толықтай бет бұрғанын айтыпты…
Кейінірек Әбубәкір «Адасқанның ақыры» деген шағын хикаят пен «У» ат­ты драма жазды. Екеуі де әжептәуір сәт­ті шықса да ешқайда жариялан­бады. Хикаят­ты өзі ұсынбады, ал драмасын Семейдің драма театры әне-міне қоямыз деп, бір жылдай созбақтап келіп, ақыры су аяғы құрдымға кет­ті. Осыдан бес жыл бұрын желтоқсан құрбанын кейіпкер қылып, «Ол» деп аталатын қисса-хикаят жазды («Жұлдыз» журналы. №5,2017). Прозалық сипат­тағы шығарма, «Күнікейдің жазығының» алғашқы абзацтарын еске салады. Бірақ Ж.Аймауытов хикаят­тың бас жағын ғана ұйқастармен өрсе, Ә.Қайран қисса-хикаятын басынан аяғына дейін ұйқастарға құрған.
Оралхан Бөкеевтің аруағын риза қылайын деді ме, әлде кенжелеп қалған новелла жанрын дамытуды көздеді ме, әйтеуір екі-үш жыл бұрын Ә.Қайран проза жазуға білек сыбана кірісті. Кірісті де новеллалары қазақтың маңдайға басқан газет-журналдарының бет­терін жаулады. Содан бері осы жанрда бас-аяғы 17 туынды жазып бастырыпты. Соның бәрі жинақталып, «Күмән мен күнә» деген атпен жарыққа ұсынылыпты. Кітапты талдамас бұрын новелла жанрының түп-тұқиянын шолып өтейік. Негізі әңгіме, хикая, новелла дегендерді аз ғана айырмашылығы болмаса, әр түрлі елдің тіліндегі бір-ақ жанр деп түсінетіндер бар. Ал екінші біреулер басқаша қабылдайды. Зерт­теушілердің пайымдауынша, новелла (италиялықтарша – жаңалық) қайта өрлеу кезінде Италияда пайда болып, XIV ғасырда ол туралы ұғым мен тұжырымды Бокаччо бекіт­ті. Сөйтіп, бұл термин «Декамеронмен» бірге барлық еуропалық әдебиет­терге ауысты. Ол көлемі жағынан әңгімемен пара-пар, ал құрылымы тұрғысынан едәуір айырмашылық бар. Новелла – шағын, қою оқиғалы, нақты сюжеті бар үнемді баяндау. Ол кейіпкердің жанын өте сараң түрде бейнелейді, егжей-тегжейлі талдамайды. Ең бастысы новеллада нақты, күтпеген бұрылыс болуы керек және әрекет бірден шешілуге тиіс. Ә.Қайран новеллаларының сипаты, болмысы, құрылымы осы айтылған шарт­тарға толық сай келеді. Алайда әйгілі жазушылардың бәрі бірдей бұл анықтамаларға бағына бермейді. Мысалы, С.Цвейгтің «Шахмат­тық хикаясы» (орысшада – «Шахматная новелла») бұған кереғар. Автор шахмат­тан әлем чемпионы Мирко Чентовичтің ғана емес, қызба Мак Коннардың, түпкіш Доктор Б-ның да тебіренісін, толқынысын, құпияларын егжей-тегжейлі сипат­тайды. Көлемі стандартпен 34 бет. Ендеше, бұл анықтамалар да шарт­ты деп түсінген абзал.
Асылы, Әбубәкір – қара сөзге жүйрік ақын, күнделікті қарапайым өмірде де қазақтың жалпақ тілімен, шырайлы да шұрайлы сөзімен сөйлейтін жан. Бірге жүрген қатар құрбылар аузынан қағынып, тілінен жаңылып жатса, дереу түзеп, не қалжыңмен қағытып, әжуалап отыратын әдеті бар. Жайшылықта жаргонмен сөйлеуге әуес кейбір жазарман оны дұрыс түсінбей, «осы-ақ білгішси береді екен» деп ойлауы мүмкін. Біздіңше, әрбір ақын-жазушы өз ортасында тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, абыройын арт­тырып, сойылын соғатын жоқшысы, жанкүйері болуы керек. Әбубәкір – міне, сондай қаламгер. Оған ертедегі есті сөздің, қазақтың көне дастандары мен өлеңдерін жатқа айтатын әкесі Рахметолла ақсақалдың ықпалы зор болды, ал әкесі көлемді дастандарды жырлап келе жатып, сәл аялдаса, есіне түсіріп, демеп жіберетін, өлең сөзге жүйрік анасы Биқан шешеміз де аз үлес қоспаса керек.
Әкесінің образын Әбубәкір «Әке», «Қыс пен шал», «Сырқат­танып қарт әкем…» сынды бір топ өлеңдері мен «Ақсаққара» новелласында сомдаған. Асылы, «Ақсаққара» – Әбубәкірдің өз өмірінен оймақтай етіп ойып алған автобиографиялық шығарма. Бас кейіпкер Әбентайдың прототипі – Әбубәкірдің өзі, Әбентайдың анасы Бижан – Биқан шешеміз, түйеші әкесі Рахат – Рахметолла ақсақал, Мәлік – кіндік әкесі Мүлік ақсақал, т.б. Бұл новелла – түйе шаруашылығының көркем түрдегі анықтамалығы іспет­ті. Онда арнайы ботақора болатыны, ішінде пеш тұратыны, жаңа туған жас төлдерге жабын жабатыны, тоңғағы, өркені түссін деп емізікпен сүт беретіні, олардың адамның бас киімін алып қашып ойнайтыны, өздерінің нәуетек келетіні, т.б. көптеген экзотикалық, этнографиялық детальдар кездеседі. Басқаны қайдам, біз сияқты түйе бағып көрмегендер үшін бұл – кәдімгідей таңсық дүние. Туындыда мынадай сәт­ті сурет­тер де бар: «Қалада оқып, қағаз сорған, күн тимеген, жел қақпаған сұрғылт­тау жүзіне сонау Қозымаңырақтың дәл төбесінен шаншыла шыққан Күн жарықтықтың қызыл арайы шомылдыра төгілгенде, бозбаланың бозаң беті қызылшырайланып, құйылып тұрған нұрлы сәулеге малшына қалған тұла бойы дүр сілкініп, сұлу торы ат­тай шиыршық ат­ты». Ал бәрі біріксе, үлкен бір пейзаждық полотно құрайтын мына үзінділер ше: «нар қамыстай найқалып өскен қалың ши», «шомбал бас, шоқ кеуделі қара шеңгелдер» мен «қыстың қызыл аязында да өңін бермейтін қайсар мінезді қарағандар», «шалқар шабындық көк теңіздей толықсып, бұйра толқындай бұлықсып…», «қабанжатақ ну қамысы, қорыстанған қопасы…», «ұстай алсаң, қол кесетін лөкет пышақтай қияқ жапырағы…»
Оқиғасы аса қою емес, қарапайым ғана. Әбентай ертемен ат­тарды әкеліп ерт­тейді де, әкесі Ақсаққараны көріп қайтуға, шығандап кеткен жеті атанды айдап келіп, суға құлатуға ат­танып кетеді. Сәске түсте бір жолаушы келіп, әкесінің қос күрек пен арқан әкелуді тапсырғанын, жалғыз ағаштың түбінде күтіп жатқанын айтады. Бұл барса, қырықтан асқан кәрі інген Ақсаққара өліпті, әкесі екеуі соны жерлеп келеді. Ақсаққара – ақсақалдың қолындағы көптеген түйелердің ғана емес, Әбентайдың да сүт анасы. Әкесі айтады: «Әбентай, сен біліп жүр, бұл Ақсаққара – сенің сүт анаң! Сен туғанда, шешеңнің жағдайы нашар болған соң, кіндік шешең Бәтес сені осы Ақсаққараның сүтімен ауыздандырған. Сол ауызданғаның ауызданған болып, ертеңінде есін жиған шешеңнің емшегін ембей, жеріп кет­тің…». Шығарманың өн бойында бүйрегіңізді бүлк еткізіп, санаңызды селк еткізер тұстар аз емес. Бұл туындының «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының шешімімен 2021 жылы «Жылдың ең үздік новелласы» деп жариялануы – осы айтылғандарды айғақтай түссе керек.
Автордың «Қар қызы мен қара кісі», «Имамның махаббаты», «Ұста», «Мүслима», «Зая» новеллалары – адам баласының аса бір әздектейтін, ардақ тұтатын, өмірінің мәніне парапар махаббат мәселесін проза тілінде жырлаған шығармалар. «Ұстада» Айбар есімді жігіт­тің өмірбақи үйленбей, мәңгілік махббаты Бақытгүлін аңсап, соның мүсінін айнытпай жасауы баян­далса, «Мүслимаға» шәкіртінің ұстазына ғашықтығы арқау болыпты. Ал «Имамның махаббатында» Сәбит пірадар мен оның Зейнеп бибісінің өзара ыстық сүйіспеншілігі, бір перзентке зар болып жүріп, ойнақтап жүріп, от басқан жас қыздың сәбиін асырап алғаны сөз болады.
Осылардың арасынан арнайы тоқталуды талап ететіні – «Қар қызы мен қара кісі» новелласы. Шығарманың фабуласына ғана назар салайықшы. Басталуында классикалық әңгімелерге тән экспозиция жоқ. Оқиға: «Жатыр!.. Шалқасынан жатыр!.. Қозғаларға шама жоқ! Отыз омыртқасы опырылып қалған ба, қырық қабыртқасы қирап қалған ба?!» – деп, тұтқиылдан басталады. «Апырау, бұл неғып жатыр? Кім өзі?» деп оқырман елең етіп, автордың соңынан бүлкектей жөнеледі. Кенет­тен: «Қар жауып тұр! Тағы да қар жауып тұр!» деген әлдебір әйелдің әсем дауысы естілгендей болды…»
«Япырау, мынау елес – баяғыдағы бала күні ғой. Төрт‑бес жастағы кезі болуы керек, сол жылы қар тым кеш түсіп еді‑ау…»,– деп басталып, бүкіл өмірі көз алдынан өтеді… Анасы, әкесі, өзі, қарындасы Наурызгүл… анасының қайтыс болып, өгей шешелі болуы, қалыңдығы Қарлығаш… Сол Қарлығашты үйіне шығарып салып қайт­қанда, біреу төбесінен бірдеңемен ұрып, ауруханаға түседі… Жазылып шыққан соң «Құдайдың күндізінің өзінде қыр соңынан қалмайтын бір елес пайда болды. Қара жамылған кісі».
Студент қыз бір жылдан соң хабар-ошарсыз қалады. Боран әскери қызмет­тен кейін аудандық ауруханаға жүргізуші болады. Қарындасы оқуға түседі. Қызынан хат келеді. Хат жазбау себебі – біреуден «алданып» қалып, қыз тауыпты, сырт­тайға ауысыпты. Өзінің кінәсін мойындап, алайда Боранды ұмыта алмай жүргенін жазыпты. Сөйтіп, Боран жол апатына ұшырап, ауруханада хал үстінде жатыр. Көзін ашқанда дәрігер: «Кеше Алматыдан келген қарындасың мен қалыңдығың, сенің көзіңді ашқаныңды әлі күтіп отыр. Олар таңға дейін көз ілген жоқ. Соларды қуантайын! Шақырайын!» – деді. Шығарманың бас-аяғы жұп-жұмыр, оқиғасы шымыр. Содан болар бұл новелла Tүрік тілі мемлекет­тері Жазушылар Одағы мен Еуразия Жазушылар Одағы ұйымдастырған Халықаралық Махмұт Қашқари әңгіме байқауында Қазақстаннан үздік шығып, шетелден жүлде алып, олжамен оралды.
«Зая» – Әбубәкірдің осы жинағына енген ең көлемді новелласы. Оқиға Қасымбек – Айкүміс (бәйбіше) – Гүлжамалдан (тоқал) тұратын ошақтың үш бұтындай үштағанның айналасында өрбиді. Айкүміс – қазіргі қазақ қоғамындағы салиқалы, салмақты, үлкен жүректі бәйбішенің жинақталған жаңаша бейнесі. Кең пейілділігі сонша, ол қара шаңырақтың тізгінін ұстар ұлсыз өтіп бара жатқан күйеуіне тоқал алуға келіседі. Үшеуі бір шаңырақтың астында тұрады. Бірақ тумысынан босбелбеу, бошалаң Қасымбек бәйбіше мен тоқалға бірдей қарай алмай, тоқалдың соңынан томпаңдап кетеді. Сөйтіп, үйлесім бұзылып, араларына Кореяда оқуда жүрген қызы араласып, бәйбішесімен ажырасуға мәжбүр болады. Ақыры ортақ мүлікті бөлісіп, бәйбіше жалғыз ғұмыр кешеді. Ал Қасымбек жаман ауруға ұшырап, қайтыс болады. Шығарма «Қасымбек тірісінде өзі салдырып қойған зиратына жерленді. Өзі айтқандай, оның жан дүниесі мен арман-мақсат­тарының бәрі тірі кезінде-ақ өліп қалған болатын. Ал, Айкүмістің оған деген пәк махаббаты мен ақ тілектері де соның өзімен бірге көмілді. Зая»,– деп аяқталады.
Қаламгердің «Аға» деген әңгімесі – қазақтың сиреп бара жатқан бауырмалдық қасиетін тірілткен шығарма. «Жастүлек» деген шалғайдағы ауылға қаладан Сыдық ат­ты жас жігіт келеді. Әйелімен ажырасқан, жұмысынан қуылған, ағаларымен араздасқан. Соңғы үміті – үлкен ағасы Әли. Әлидің арқасында Сыдық-Сәдөк адам болады: ауылдағы доғдыр қызды қағып түседі, үй алады, фермер болады, ауылға келетін жалғыз жол мен ауыл шетіне саябақ салады. Жалпы, Әбубәкір – оптимист жазушы. Оқырманын алдағы жарқын болашаққа үндейді. Жаңа, әділет­ті Қазақстанның орнайтынына, елдің гүлденетініне имандай сенеді. Новелла үш бөлімшеден тұрады. Біріншісі – жалаңаяқ, жалаңбас Сыдықтың ауылға жетуі, екіншісі – кеше тойлатып қарсы алған ағасы мен жеңгесіне «не бетімді айтамын» деп толқуы, сөйтсе, ағасы мен жеңгесінің қалжыңдай қарсы алуы, ағасының «Жаныма серік болатын, бетіме көрік болатын бір інім жоқ па деп жүруші едім, міне, келді. Кенжетайымыз келді!» деп қуануы, үшіншісі – үйленген, жайланған, әйгілі фермер болған Сыдықтың он жылдан кейінгі тірлігі. Ұзақ-сонар баяндау мен сурет­теу жоқ, бар-жоғы бес жарым бет­тік шығарма.
«Ән» – қазақтың қазіргі ән өнерінің ділгір мәселелерін сазгер мен ақынның аузына салған, солардың пікір қайшылықтары, көзқарастары арқылы айшықтаған шығарма. Мұнда көтерілген мәселенің шет жағасын бәріміз де білеміз. Әдеби, мәдени газет-журналдарда арагідік жазылып тұратын толғақты дүние. Алайда ешқайсымыз Әбубәкір сияқты сол толғақты мәселені сазгер мен ақынның күнделікті әрекетінен туындаған шығармашылық үдерісі арқылы өмірмен үйлестіріп, мөлдіретіп бере алғамыз жоқ.
Сазгер ән жазып, ақын досына хабарласады. Оған әннің жалпы сыртқы сұлбасын өлеңге түскендегі ырғақтарынан бастап, буын-бунағына дейін ақынға тәптіштеп түсіндіріп, өзінің арзу арманын жеткізеді. Алайда ақын жазып әкелген өлең оған ұнамайды. Оны сұңғыла ақын да сезіп, екеуі келіспей қалады. Екпінінен жел ескен ақын шығып кете салысымен найзағай шатырлап, нөсер құйып ала жөнеледі де, әп-сәт­тен кейін сап тыйылып, күн шығады. Құдды Алла Тағала бұлардың көңілдеріндегі кірді жуып тастағысы келгендей. Ақын хабарласып, өзінің ағат­тық жібергенін, өз өлеңінің сәтсіздігін мойындай келе, өлеңнің кілтін енді тапқанын айтып, мұны кафеге шақы­рады. Біраз отырған соң ақын өлеңін жазып тастауға асығыс ат­тан­ғанда, сазгер тағы бір музыка туғанын, онысы ән емес, күй екенін сезіп, үйіне тұра жөнеледі. Шығармада данышпансу да, ділмарсу да жоқ. Автор фактілер мен мінездерді әбден сұрыптап алып, тек қажет­тілерін ғана шынайы етіп бейнелепті. Бальзак ақсақалдың: «Әдеби шыншылдық – фактілер мен характерлерді іріктеп ала білуде және оларды әркім-ақ көре сала шынайы екен деп қабылдайтындай бейнелей білуде»,– деген байламы еріксіз еске түседі.
«Арғымақ пен қазанат» – ұлт­тық құндылықтарды сақтап қалуға, дамытуға үндейтін шығарма. Университет оқытушысы Бапан, жылқы шаруашылығы туралы Phd диссертация қорғамақ. Қабыл атбегі, көкпаршы ауылдан қалаға қонаққа келеді, екеуі Елікжирен, Еркежирен сияқты ерен жүйріктер, қазанат­тар, қазақ жылқысының тұқымын асылдандыру туралы шер-шемендерін ақтарысады. Қабылдың әзілі де, көкейін тескен әңгімесі де жылқы. Ол Бапанмен бірге арғымақтар мен қазанат­тар туралы ғажайып сыр шертеді. Автор қазақтың жылқыға қатысты ең толғақты мәселелерін осы екі кейіпкерінің аузына салады. Егер көрмей, не оқымай қалып қателессем, замандас қаламдастарымыз кешірер Т.Әлімқұлов, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин сынды майталмандардан кейін бұл тақырыптың тереңірек қозғалғаны осы шығар-ау. Қазіргі қазақ байларының төл жылқыларымыздың тұқымын сұрыптау, жетілдіруден гөрі араб пен ағылшынның асыл тұқымды сәйгүліктерін сатып алып, бәйгеге қосуға бейім тұратыны ащы шындық. Өйткені олардың көкейін тескен – ақша мен жүлде ғана! Асылы, «Ән», «Арғымақ пен қазанат» – қазіргі бәтуасыз заман лебімен халық жадында көмескі тарта бастаған ұлт­тық құндылықтарды ұлықтауға арналған туындылар.
«Бір кем дүние» дегендей, Әбубәкірдің жалғыз ғана кемшілігі – жазған дүниесін бірнеше қайтара оқып, әбден түзетіп алмай, дереу жарияға ұсынатыны. Сол асығыстықтан кейде ол ауызекі сөйлеген сәт­тердегідей сөз қайталауға жол беріп алады. Оны қарапайым оқырман байқамас-ау, ал сөз баққан жазарманның көрмеуі мүмкін емес. Мінеки, мысалы: «Қарағаш түбінде отырған жігіт ойдан ойға көшіп отырып, өз қолымен өсірген асыл тұқымды қазақ жылқыларының келісті мүсіндері мен тұрпат­ты тұлғаларын көз алдына елестетіп отырды» («Арғымақ пен қазанат» «ARGYMAQ.KZ ұлт­тық танымдық порталы. 31.08.2021). Немесе: «Хадишаның ұйқыдан ісінген, опа-далаптан тоза бастаған бет-ауызы көгере бастағандай болды» (Бақыт­ты өмір сүретіндер. 2-бет), «Өз өтінішін айтып болған соң сұлу қыз анасының өте жақсы адам болғандығын, бес уақыт намазын үзбей оқығанын әңгімелей отырып, қайта-қайта көзіне жас алумен болды» (Имамның махаббаты» 4-бет). Сөйлем ішінде бір сөздің бірнеше рет қайталануы – Әбубәкірдей сөздік қоры мол, ойы алымды, қаламы қарымды, қазақ тілінің қормалы сынды қаламгерге кешірілмес кемшілік. Бәлкім, бұндай азын-аулақ кемістік жаңа кітапта түзетіліп шығатын шығар. Біз автордан өзіміз сұратып алған жинағының қолжазбасы бойынша ой толғап отырмыз. Асылы, поэзияны қайдам, прозаға едәуір бап керек. Жазып бола салысымен, екі-үш айдай мүлдем қарамай суытып барып, бөтен біреудің шығармасын оқып отырғандай сүзгіден қайта өткізілуі қажет. Сонда бүкіл көбігі бетіне шығып, қалқып алып тастауға мүмкіндік туады.
«Бақыт­ты өмір сүретіндер», «Күмән мен күнә», «Өсімқор» – қазақ қоғамының көлеңкелі тұстарынан сыр шертетін шығармалар. Халық әндеріндегі «Оралыңның барында ойна да күл», «Ойнамаған, күлмеген не көріпті» деген сияқты екі ұдай мағынада қабылданатын насихат­тың теріс қырын ғана жалаулатып, сүйген жарға адалдық, арлылық, қысқасы, отбасы құндылығы сынды асыл қасиет­терден ат­тап өтіп, күнәға батқан пенделердің өмірін бейнелейді. Әйткенмен, «Күмән мен күнәдағы» Дариға кейуананы аяйсың да кешіріммен қарайсың. Жастық шағында Сейілжанмен бас құрағанына ат­тай алты жыл өтсе де пұшпағы қанамайды. Осы мәселе жас жұбайлардың жандарын сыздауықша сыздатады. Сол кезде отағасы асау үйретемін деп, жамбасын сындырып, облыстық ауруханада ұзақ жатып қалғанда ферма бастығы Көшербай жалғызбасты келіншекке көмектесіп жүріп, қыбын табады. Дариғаның екі есеп, бір қисабы – «өспей, өнбей, келе жатқан осы әулет­ті жоғалтпай, келер күнге жалғастыру» әрі жан-жарымен бақыт­ты өмір сүру. Сөйтіп, тапқан баласы Мәулен Құдайға күнде жалбарынумен өзіне тартады. Ал немересі Мәжит­тің білегінде атасыныкіндей және оның ұлы Сәкендікіндей қап-қара қал болады. Мәулен мұны келіншегі Зылиқадан көріп, оны өз досы Сәкенмен ойнас қылдың деп жазғырады. Қырық жылғы өтірігің соңыңнан іздеп табады деген осы шығар.
«Құлпытастың» оқиғасы аудан әкімінің бірінші орынбасары Уәлхан мен таяуда ғана тарихтан докторлық диссертация қорғаған Байжомарт­тың көрген-білгендері арқылы өрбиді. Бірақ бас кейіпкер – олар емес, оқу-білімге өлердей құштар, қой бақса да ой бағып, қолынан кітабын тастамайтын Дәрмен есімді жасөспірім. Әкесі бұл туа сала көз жұмыпты. Содан нағашы атасы мен апасының қолында өсіпті. Атакәсіпті солардан үйренген, білгенін ғалым ағасы Байжомартқа тәптіштеп түсіндіріп жүреді, салт-дәстүр мен ұлт­тық құндылықтарды ерекше қастерлейді, оқу озаты, әт­тең, бір кем дүние, қазір қариялар көз жұмған. Ал Дәрмен анам деп мойындамайтын Гүлзағи мен оның күйеуі Мағаудың қолында жаутаңкөз күй кешуде. Анасы – дәрменсіз, ал өгей әкесі – күйкі түсінікті нойыстау біреу. Өрімшілік, бие сауу, қымыз ашыту, т.б. архаизмге айнала бастаған атакәсіптің қыр-сырын жатқа білетін жастар керек-ақ қазаққа. Оның үстіне өзі Шоқан Уәлихановқа қат­ты еліктейді, еңбектерін оқиды, сурет салады. Ақыры Шоқанның да жасына жетпей, мектеп бітірерде қыршынынан қиылады. Байжомарт алғаш келгенде «екі көзі от­тай жанып тұрған», осындай сұңғыла баланы көреді. Екінші келгенде: «Байжомарт­ты тани қалып, орнынан ұшып тұғанында ғана сұрғылт бетіне жұқалтаң қан тепкендей болып еді. Сол нұр да жанып-өшкен әлсіз жарықтай тез-ақ сөніп сала берді. Жұлдыздай жарқыраған баяғы қос жанардың да орнында сөнуге жақындаған қоламтаның шоғындай болар-болмас ұшқын қалған екен». Дерті – «Ақ қан». Үшінші келгенінде қаза тапқанын естіп, сол жолы алып кетіп емдетуім керек еді деп өкінеді. Ақыры Байжомарт пен Уәлхан баланың басына мәрмәр тастан құлпытас орнатады. Қазақтың ғылымы мен өркениетіне олжа салуға тиіс бозбаланың қыршынынан қиылғанына ішің удай ашиды. «Шұғаның белгісін» оқығаннан кейін тағдырдың тәлкегіне көнгің келмей, көзіңе от ұрынып, көңіл түкпіріңнен күрескер рух оянар еді… өрсерпіген көңіліңді осындай бір айықпас мұң торлар еді.
Қысқасы, прозаға шындап кіріскеніне көп болмаса да Әбубәкірдің новеллалары өте сәт­ті, шебер жазылған. Неге? Біздіңше, ол сонау балауса шағынан, «түйенің үшінші өркеші» болып жүрген кезінен күні бүгінге дейін қолынан кітап түспеген, классикалық шығармаларды неше қайтара оқыған, қажет­тісін көңілге мықтап тоқыған, санаға әбден сіңірген. Ж.Аймауытов, Б.Майлиннен бастап, өзіне дейінгі қазақтың маңдайалды жазушыларының ең үздік шығармаларынан қажет­ті қоректі, нәр-сөлді бойына дарытқан. Сондықтан шағын прозаның басты заңдылықтарын жеріне жете меңгерген. Өз кейіпкерлерінің жүрегіне үңіліп, қиялында дербес өмір сүргізіп, әбден пісіріп, ойша көңілге тоқып, көріп отырып барып қана жазады. Композициясын «қиядан шауып, қисынын тауып», балталасаң да қирата алмастай құрып алады. Бір оқиғадан екіншісіне қалай жеңіл ауысқанын да сезбей қаласыз. Оқиға, штрихтардың тек кейіпкерінің мінезін аша түсетін, баршаға қызықты жағын ғана іріктеп ала біледі. Қай жерін қысқаша қайыру, қайсысын тарата түсу, сипат­тау, сурет­теу қажет­тігін де шатастырмайды. Содан болар шығармалары қызықты, жеңіл оқылады, оқиғаның өрбуі де, диалогы да шынайы. Автордың ішкі әлемі бай, таным көкжиегі кең, өзі де, кейіпкерлері де әңгімешіл. Енді не керек? Біздіңше, кемел жасқа келгенде Әбубәкір прозаға бекерден-бекер оралып соққан жоқ. Қара сөзді зәуде бір соғып тұратын бекет­тей көрмей, енді басы бүтін осында тұрақтауы, салмақты, салиқалы, соқталы туындылар тудыруы қажет. Өйткені қазақ – қазақ болғалы өлең сөзден ешқашан кенде қалып көрген емес, ал қазіргі керенау оқырманды жалт қаратар, селт еткізер шынайы прозалық шығармалар бізге ауадай қажет.

Әбділдабек САЛЫҚБАЙ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір