ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Дүйсенбі күні Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Елбасының тапсырмасы бойынша арнайы іссапармен Алматыға келіп, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесті. Жиын барысында оларды толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде пікір алысып, мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қорынан бөлінген 2015 жылғы Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды табыс етті.
ПРЕЗИДЕНТТІК СТИПЕНДИЯ БЕРІЛГЕН ӘДЕБИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ:
Марфуға Айтхожина, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ахметжан Ашири, жазушы-драматург, «Құрмет» орденінің иегері, Төлен Әбдіков, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мұзафар Әлімбаев, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әкім Тарази, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Александр Гаркавец, түрколог ғалым, қоғам қайраткері, Сәбит Досанов, жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шериаздан Елеукенов, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері, Уақап Қыдырханұлы, жазушы, Шерхан Мұртаза, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мекемтас Мырзахметов, әдебиетші, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мыңбай Рәш, жазушы, Қойшығара Салғараұлы, жазушы-ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әнес Сараев, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Олжас Сүлейменов, ақын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты, Әбілфайыз Ыдырысов, жазушы.
МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯ БЕРІЛГЕН ӘДЕБИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ:
Ақсұңқар Ақынбаба, ақын, Күләш Ахметова, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ертай Ашықбаев, ақын, аудармашы, Қастек Баянбай, жазушы, Несіпбек Дәутайұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Смағұл Елубаев, жазушы, Арасанбай Естенов, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Тұрсын Жұртбай, сыншы, әдебиеттанушы, Нұртас Исабаев, ақын, Айгүл Кемелбаева, жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Сергей Комов, ақын, жазушы, аудармашы, Табыл Құлиясов, жазушы, Надежда Лушникова, ақын, Патигул Мақсатова, ақын, Сағыныш Намазшамова, ақын, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің жүлдегері, Рапилбек Ниязбек, ақын, Светқали Нұржан, ақын, аудармашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Бексұлтан Нұржекеев, жазушы, Тынымбай Нұрмағамбетов, жазушы, Құралай Омарова, ақын, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, Иранбек Оразбаев, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Рахымжан Отарбаев, жазушы-драматург, Бақыт Сарбалаев, сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Кәдірбек Сегізбайұлы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Любовь Шашкова, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.