«МЕЙІРІМ ҒАЛАМШАРЫ»
Жуырда Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика факультетінің IV-курс студенті, көптеген халықаралық, республикалық жыр додасының жеңімпазы, 2014 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері Батырхан Сәрсенханның «Мейірім ғаламшары» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті.
Кітап Қарағанды қаласындағы «Тенгри» баспаханасынан ақын Қалқаман Сариннің қолдауымен жарық көріпті. Алғысөзін жазған ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет. Жиын барысында белгілі қаламгерлер Нармахан Бегалы мен Мархабат Байғұт кітаптың тұсауын кесіп, қоғамнан, адамдар арасынан мейірім іздеген жас ақынға ақ баталарын берді.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.