«АБАЙ, МҰХТАР СӨЙЛЕГЕН ДАНА ТІЛІМ»
22.01.2016
3026
0

image055Алматыдағы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда қазақ тілінің өткен тарихынан мағлұмат бере отырып, ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қам
қор болатын шәкірттер тәрбиелеу, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының пән апталығы өтті.


Апталық барысында «Қазақ тілі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелері негізінде көрсетті.
Оқытудың озық технологияларын, әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білген ұстаздардың сабақтарына тал­дау жасап, олардың іс-тәжірибелерін мектеп-гим­назия­­да ғана емес, республика көлеміне тарату мақсаты көзделді. Апталық барысында жекелеген мұғалімдердің ашық сабақтары, тәрбиелік шаралары, кездесу кеші, әдеби кештері өткізілді.
Жұмағалиева Гүлбарам 6 «а» сыныбында Сан есім тақырыбын әдебиет, математика пәндерімен байланыс­тыра жүргізіп, жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданды. Г.Жұмағалиеваның 5 «ә» сыныбында өткізген «Адамгер­шілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағаты да жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың ассоциация құруы да сәтті шықты.
«Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры» тақырыбында 8, 9, 10 сынып оқушылары арасында шы­ғар­ма байқауын Ғ.Джақсыбаева мен А.Ермұханова өт­кіз­ді. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды.
Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» туралы 9 «а» сыныбында Ұ.Несіпбекова өткізген сабақта сыныпты «Баяндаушы», «Ізденуші», «Жаттаушы», «Құрастырушы» топтарына бөлді. Топ басшылары өздерінің аттарын­дағы әріптерді бойларындағы жақсы қасиеттерімен сана­малап айтып шықты. «Сиқырлы саусақ» бес сау­сақ­қа топ­пен бүгінгі сабақтан не үйренгісі келетінін жазса, «Баяндаушы» тобы Қазақстан картасын пайдалана отырып, Қазтуған жыраудың өмірбаянына, жүріп өткен жолдарына тоқталды. «Ізденуші» топ қосымша мәлімет­тер бойынша сөйледі. «Жаттаушы» топ «Мадақ» жырынан үзінді жаттап айтты. «Құрастырушы» топ жырдың құрылысына тоқталды. Топтағы әр оқушы бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты тест құрас­тырып, екін­ші топқа берді, пікір алмасты. Пән мұғалімі сабақ барысында АКТ-ны тиімді пайдаланып, сын тұрғы­сы­нан ойлау стратегиясын қолданды.
«Есімдіктің сөйлемдегі қызметі» тақырыбында 7 «а» сыныбында Ғ.Джақсыбаеваның ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар синтаксистік талдауды жан-жақты меңгерген. Сабақ жоспары жаңа форматта құ­рыл­ған. Проблемалық сұрақтарға жауап беріп, сабақ барысында әр түрлі қызықты тапсырмалар орындалды.Шәкірттер М.Жұмабаевтың «Толқын», «Сүйемін» өлең­дерін жатқа айтып, өлең ішінен есімдіктерді тауып, түрлендірді. Ұлттық ойындарды көрсете отырып, сөйлем құратып, есімдіктерге көңіл бөлінді.
Осы мұғалім 5 «а» сыныбында әдебиет пәнінен «Толағай» ертегісі бойынша өткізген сабағындағы ­кейіп­­керлер бейнесіне образдық талдау жасауда семан­ти­калық талдау үлгілері қолданылды. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін театрландырылған көрініс арқылы көрсетті. Проблемалық сұрақтар, ситуациялық тапсырмалар берілді. Пән мұғалімі оқушы шығармашылығын дамытуда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылар үшін өміршең тақырыптағы сабақ қызықты формада таңдалған.
5, 6 сыныптарда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жарысын Г.Болатбаева мен Ғ.Джақсыбаева өткізді. Халық тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақалмен түйіндегенін оқушылар жетік түсінген. Ой ұшқырлығы мен тапқырлықтарын, жылдамдықтарын, білімдерін әр оқушы дәлелдеп көрсете білді. Қорытындысында оқушылар марапатталды.
Жас маман А.Ермұханованың 9 «в» сыныбында қазақ әдебиетінен өткізген «Асанқайғының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабағы өз дең­ге­йін­де өтті. Сынып оқушылары сабақ тақырыбына сәй­кес ұлттық киім киген. Олар өткен тақырып бойынша жы­рау мен жыршы, екеуінің айырмашылығы туралы материалды толық меңгергендіктерін аңғартты. Жаңа тех­нология элементтерін тиімді қолданды. Жаңа тақы­рыпқа сәйкес бейнематериал көрсетілді.
Оқушыларды ақын өлеңдерін сүйіп оқу, жүрекпен сезініп, өлеңге деген құштарлығын арттыру мақсатында өткен «Қазақ тілім өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөй­ле­ген дана тілім» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы көпшілік көңілінен шықты. Бұл жарысқа 7 сынып оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылар қа­зақ тілі пәні мұғалімдері Ғ.Джақсыбаева мен А.Ер­мұ­ханова. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, қиын­нан қиыстырар ер данасы», – деп Абай атамыз жыр­лағандай, оқушыларға өлең-сөздің құдіретін тү­сін­діру негізінде өткен іс-шара тартымды да әсерлі өтті.
Мектеп кітапханасында «Тіл – мемлекет тірегі» тақырыбында «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. 9, 10 сынып оқушылары қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі, ертеңгі болашағы жайында ой қозғады. Ақын-жазу­шылардың өлеңдері оқылып, ән айтылды. Тілге деген құрметтің әр бала жүрегінде ана сүтімен дарып, дамып келе жатқанының, олардың әрқайсысы тіл тазалығы үшін күресетін, «Мәңгілік ел, мәңгілік тіл» дамытушылары екенінің куәсі болдық. Іс-шараны мектеп кітап­ханашысы М.Керімбекова мен қазақ тілі пәні мұғалімі Ұ.Несіпбекова жоспарлы түрде өткізді.
Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толу мерейтойына орай өткізілген «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» тақырыбындағы әдеби-музыкалық қойылымның өзіндік ерекшелігі болды. Екі бөлімді қойылымның 1-бөлімінде 6 «б» сынып оқушылары Абай атаға арнаған арнау өлеңдерін оқыса, ІІ бөлімінде «Желсіз түнде жарық ай» сахналық қойылымын 8 сынып оқушылары көрсетті. Сахна безендірілуі тақырыпқа сәйкес келді. Абай әндері шырқалып, өлеңдері оқылды, Абай ауылы­ның жастары алтыбақан басында би билеп, қазақтың қыз бен жігіт айтысын да көрерменге жеткізе білді. Экраннан кешкі айлы түн, даладағы құстардың дыбысы, шөптердің сыбдыры естіліп тұрды. Абай мен Тоғ­жан­ның айлы кештегі бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімін жеткізуі әр жүректі тебірентпей қоймады. Оқу­шылар сахна төрінде рөлдерді жоғары деңгейде орындады. Актерлік шеберлікке баулуда мұндай іс-шараның ролі зор екендігі айқын. Г.Толқынбекова мен Э.Әб­ділдаева оқушыларды даярлауда өз шеберліктерін көрсетті.
«Ертегілер еліне саяхат» 5, 6 сынып оқушылары арасында мектептің мәжіліс залында Г.Толқынбекова мен Ұ.Несіпбекованың ұйымдастыруымен өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап көрсету. Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығар­ма­шылық қабілетін шыңдай түсу болды. Сахна тақы­рыпқа сай безендірілді. Оқушылар «Толағай», «Ең асыл сыйлық», «Патшаның үш қызы», «Бақ, дәулет және аман», «Мақта қыз бен мысық», «Ескірген кітап», «Қы­зыл телпек», «Алтын асық» ертегілерінен көрініс көр­сетті. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушы­лардың дайындығына ерекше назар аударған.
6 «ә» сыныбында І.Жансүгіровтің «Ана тілі», «Домбыра» өлеңдері бойынша ашық сабақты Г.Болатбаева өткізді. Сабақ жоспарын жаңа форматта құрған. Үй тапсырмасына Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесі бойынша талдау жұмыстарын жүргізді.
Онкүндіктің жабылу салтанатында «Ана тілінде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың» тақырыбында балалар жазушысы Сұлтан Қалиұлы, Шәкен Күмісбайұлы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының бірінші орын­басары, сатирик жазушы Еркін Жаппасұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақындар өз шығарма­ла­рынан өлеңдер оқып, қазақ тілінің өркендеп, өсіп келе жатқандығы жайында ой қозғады.
Онкүндік барысында оқушылардың шығарма­шылық-танымдық «Елсана» газеті шығарылды. «Елсана» газетінің жас тілшісі 6 «а» сынып оқушысы Еркін Айдана мектеп қабырғасында ғана емес, республикалық газеттерге де мақалаларын жариялап, шығармашы­лы­ғын шыңдап жүрген балғын талант иесі. Ол газеттің көркем шы­ғуына барынша атсалысты.
Тіл, әдебиет мәселелері бойынша тағылымдық сабақтар өткізуде «Қазақ әдебиеті» газеті рухани серігі­мізге, әдістемелік құралымызға айналған.
Қазақ тілінің қадір-қасиеті, тағдыры, бүгінгі дамуы мен болашағы ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның бола­шағы – қазақ тілінде» деген ұлағатты сөзінде терең мән жатыр. Сондықтан да тілді көркейту, оны жетіл­діру, дамыту тіл мамандарының бүгінгі таңдағы мін­деттерінің бірі. Бүгінгі атқарылып отырған іс-шара соның бір дәлелі деуге болады.

Гүлнара ТОЛҚЫНБЕКОВА,
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір