Ғасыр кемеңгері
15.01.2016
1604
1

 

Сөзін жазған:  Айбатыр Сейтақ
Әнін жазған: Амангелді Сұлтанғалиев
824085_146993287_________Жүрегінен жалынды жыр атылған,
Шабыттанса шымырлап шығатын ән.
Бұлақ еді бір кезде бастау алған
Маңғыстаудың қатпарлы қыратынан.
Толып, тулап тасқындап ақ бұлақ жыр,
Өзен болып ағады сарқырап бір.
Бар әлемнің ойшылы ортасында
Әбекеңнің маңдайы жарқырап тұр.
Өмір нәрін тереңнен алған дарын
Орындайды ең биік армандарын.
Адамзатқа ұсынып келген еді,
Әбекеңнің теңізі маржандарын.
Қазағымның көп емес ерендері,
Дауылдарға шыдайтын емендері.
Алашыма ардақты Әбіш аға –
Біздің Ұлы ғасырдың кемеңгері.
ПІКІРЛЕР1
Аноним 08.11.2019 | 15:49

Осы әннің плюсын жібересіздарма

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір