Фариза – поэзия падишасы
08.01.2016
2338
0
GMENzumFRjkТаяуда Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, Қазақстанның  халық жазушысы  Фариза Оңғарсыноваға арналған  «Фариза – поэзия падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Бұл шараның  басты мақсаты – ақын­ның өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты дарытып, олар­дың сөз өнеріне деген құрметін қалып­тас­тыру.
Тағылымдық мәні бар игі бастама  кол­ледж директоры, қазақ рухания­ты­ның жа­нашыры Қасымова Гүлфайруз Қаб­ден­қы­зының бастамашы болуымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйым­дастырылып, аясы кеңейіп, тари­хи-әдеби үрдісі үзілмей, жалғасын тауып келедi.
Оқу орнының жанынан  құрылған «Шабыт»шығармашыл жастар клубы­ның жетекшісі Д.Бақдәулетұлы өзінің шә­кірттерімен бірге ақынға  арнау өлең­дерін оқып, жырдан шашу шашты.
Жас ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пә­нінің  мұғалімі М.Тоқсумбаеваның бағыт-бағдарымен дайындалған ақын жырларына құрылған студенттердің  композициялары көрермен қауымды әдебиеттің таңғажайып әлеміне саяхат жасатып, айрықша бір мереке сыйлады.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір