Көрнекті ғалым алтын медалмен марапатталды
17.02.2022
380
0


Әлемдік ғылымды дамытуға және отандық ғылымды дамыту стратегиясын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Алтын медалімен марапатталды.


2022 жылғы 9 ақпанда ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Алтын медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алтын медалі Әлемдік ғылымды дамытуға және отандық ғылымды дамыту стратегиясын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін берілді. «Алтын медаль» – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 2006 жылы құрылған және жыл сайын «ғылым мен техника саласындағы ерекше жетістіктері үшін» ғалымдарға берілетін ең жоғары марапаты.
Академик Рамазанов Т.С. — көрнекті ғалым, идеалды емес плазма физикасы және плазма нанотехнологиялары бойынша әлемге әйгілі ғылыми мектептің негізін қалаушы, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің төрағасы болып, 2010-2021 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көрнекті ғалымдарының ғылыми нәтижелерін мойындау және оларды марапаттау университеттің Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы жетекші позициясының тағы бір дәлелі болып табылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір