Венгер өнер шеберлерінің көрмесі
08.01.2016
1783
0

indexindex1index2Бүгін, яғни 8 қаңтар, сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында КОГАРТ венгер Арт-қоры мен Алматыдағы Венгрия Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған «Венгер өнер шеберлерінің тарихы» көрмесі ашылады.


Қазіргі заманғы Венгрия  – Орталық Еуропадағы тарихи тамыры тереңге кеткен өнерге жаны құштар жоғары мәдениетті ел. Бүгінгі күні Будапеште 80-ге тарта мұражай мен 100 шақты жеке көрме залдары мен галереялар бар. Заманауи венгер өнерінің аса ірі жинақтамасы Габор Ковач қорынікі.
КОГАРТ қоры жыл сайын 8-10 ірі көрме өткізіп тұрады. Венгрияның өзінде 100-ден аса көрме болса, Болгария, Ресей, Қытай, Италияда бірнеше халықаралық көрме ұйымдастырылды. Ал 2016 жылы қаңтар айында Қазақстанда өткізеді. Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Габор Ковач қоры ұйымдастырған «Венгер өнер шеберлерінің тарихы» көрмесі Лайош Салаи, Тибор Чернуш, Жужа Перели, Мартон Такач, Иштван Орос, Миклош Боршош, Имре Кэри, Петер Пруткаи, Жофия Варга, Рита Kешеяк, Рита Коралевич сынды басқа да венгер суретшілерінің көптеген қызықты туындыларын ұсынады.
Көрменің мақсаты – венгер әдебиетімен, тарихымен, музыкасымен таныстыру арқылы осы олқылықтың орнын толтыру болса, көрменің өзі көрнекті суретшілермен, оқиғалармен және жеке тұлғалармен таныстырып, қазіргі заман адамының маңызды проблемаларымен бөлісуге, олардың таңғажайып шығармашылық әлеміне сүңгуге мүмкіндік берері сөзсіз. Мәселен, Венгер әдебиетіндегі «Ержүрек Янош туралы» ертегісі суретші Жужа Перелидің иллюстрациялар топтамасымен өте әсем безендірілген. Имре Семетидің офорттары осыдан 450 жыл бұрын Венгрия мен Еуропаның оңтүстік шекарасын түріктерден қорғауда опат болған Венгрия батырларын құрметпен еске алуға арналған. Орта ғасырлардағы шаруалар көтерілісі тарихын уәж ретінде пайдаланып, суретші Бела Кондор өзінің «Дожа» (1956) топтамасында тәуелсіздік үшін болған революция мен соғыс мұратын көрсетеді, оның шығармашылығы сонымен бірге венгер графикасындағы контемпораридің пайда болуына прелюдия болады. Имре Кэридің «Караваджо» топтамасы Мартон Такачтың  Джованни Баттиста Пиранезиді түсіндіріп баяндағанындай, Еуропа өнерін реинтерпретациялайды.
Көрменің жетекшісі – Петер Фертосоги, КОГАРТ қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Бірлескен жетекшісі – Клара Исабаева мұражайдың қоғаммен байланыс жасау және сыртқы байланыс жөніндегі маманы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір