Алакөлдік ермексаз шебері
24.01.2022
406
0

Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Бала – жарқын болашақтың айқын бейнесі. Ел ертенің қалыптастыратын жастарға Алакөл ауданында да зор мүмкіндер жасалуда. Мәселен, ауданда 73 891 тұрғын бар болса, оның ішінде 22 206 – сі 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қандай сала болмасын жас өнерпаздар ауданның даңқын әлем елдеріне танытып келеді. Мұндай өрендердің бірі ермексаздан мүсіндер жасайтын алакөлдік оң үш жасар Аслан Дастанұлы.

Қазіргі таңда шебер ауданға қарасты Бескөл ауылдық округінің Бұлақты ауылында тұрады. Сыныптастарының арасында өжеттілігімен ерекшеленетін Асланның алдыға қойған арман – мақсаттары көп. Бүгінде оның коллекциясынан құс – аңдардың мүсінімен қоса өзінің сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлерін де кездестіруге болады. Мүсіндерге қарап оның шыдамдылығын, зергерлік шеберлігін, кесіртке үстіндегі жан иесін айна – қатесіз орналастырғанын көруге болады.

-Ермексаздан мүсіндерді бес жасынан илей бастады. Өз қиялындағы бейнелерді сомдап, кейін жан – жануарларды жасауды үйренді, – дейді Асланның анасы.

– Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, еліміздің жарқын болашағы балғындардың кішкентай жетістіктерінен басталатындығы анық.

– Динозавр мүсіндерді илеу өзіме қатты ұнайды. Ол қолдың ұсақ моторикасын дамытады. Көздің жақсы көруіне әсер етеді, — дейді балақайдың өзі.

К.Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір