Қазақстандық ІТ мамандар үшін Еуроодақ өкілдігі сайыс ұйымдастырды
29.09.2021
304
0


25-26 қыркүйек Алматыдағы Халықаралық ІТ Университетінде Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі ІТ-мамандар, инноваторлар, маркетологтар және стартаптарға арналған таза технологиялар саласындағы үздік шешімдерді құру жөніндегі конкурс яғни Экохакатон ұйымдастырды.
Хакатонның мақсаты – қоғамды тұрақты даму жайлы хабардар ету және инновациялық шешімдер іздеу мақсатында жас мамандардың басын біріктіру.
Конкурсқа барлығы 12 жоба қатысты. Әділқазы алқасы Farmer тобы, Lilo тобы, Ecomenu топтарын үздік деп тапты. Farmer тобы – тамақ қалдықтарын қайта өңдеп, тыңайтқышқа айналдыру идеясын ұсынды. Осы арқылы қоқыс жинау қызметін, тыңайтқыш сату және тыңайтқышты концентраттарға қолдану секілді қызметтерді жүзеге асыруды көздейді.
Lilo тобы ұсынған жоба – мобильді қосымша. Ол жеке тапсырмаларды күнтізбе ретінде аяқтауға көмектеседі, ал Lio командасы жеке мақсаттарыңызға жеткен сайын бір ағашты отырғызады. Жоба жазылым бойынша жұмыс істейді, ал ағаштар қосымшадағы жарнама арқылы сатып алынады.
Eco menu тобының мақсаты – мекемелердегі қағаз мәзірлер мен чектерді электронды мәзірлерге айналдыру. Мысалы, рестораторлар Ecomenu платформасы арқылы өз мәзірлерін электронды форматта жүктейді. Ал келушілер оны телефонның камерасын QR кодына бағыттау арқылы көре алады.
Үздік шыққан топтар Эстонияның инновациялық хабтарына сапарға шығу мүмкіндігін жеңіп алды. Сонымен Еуроодақ Өкілдігі мен ЕО-ға мүше елдердің арнайы сыйлықтарына ие болды. Жеңімпаздардан бөлек барлық қатысушыларға алғыс сертификаттары табысталды.
Заманауи стильде ұйымдастырылған іс-шарада Keremet Art жобасы цифрлық өнердің иновациялық қойылымын ұсынып, өнер заттарының көрмесін ұйымдастырды.
Экохакатон Эстонияның Қазақстандағы Елшілігі, Халықаралық IT Университеті, MOST, IBC Group, Eco Network компаниясының, Құрмет Әубәкіровтың Жеке Қорының, Алматы қаласы әкімдігінің және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен өтті.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір